жер қыртысы.
Жер қыртысы деп — литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар — гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.
Былай қарағанда жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған
Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді.
Жер қыртысы қозғалысының екі түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі: Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріліп, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.
Жер қыртысының екінші қозғалысы – тау жасалу процесі
Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады..
Достарыңызбен бөлісу: |