Жер туралы жалпы түсінік Жер қабатының құрылымы



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі29,61 Kb.
#98307
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жер туралы жалпы түсінік Астрономия Байзақ Ә

Атмосфера Жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Жеке иондардын. шамамен 2000 км биіктікте де байқалатындығы белгілі болып отыр.

Атмосфераның төменгі шекарасы — Жер беті болып саналады. Бірақ бұл шекара да дәл емес. Өйткені ауа Жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.


Атмосфера Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен, сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераньщ өзі өте маңызды геологиялық агент (әсер) болып саналады. Ол тау жыныстарының үгілу процесінде ең басты роль атқарады.
Атмосфераның жалпы массасы ~ 5,15-105 т, басқаша айтқанда жер массасының миллионнан бір бөлігін құрайды. Атмосфера массасы-ныың көпшілігі (90%) жер бетінен 16 км-ге дейінгі аралыкты алып жатыр. 100 км-ден жоғары биіктікте жалпы атмосфералық ауа массасының миллионнан бір бөлігі ғана орналасқан, ал 30 км-ден жоғары қарай оның көлемі бір проценттен аспайды.
Атмосфера газдардың қоспасынан құралған. Соны-мен қатар, оның құрамында азда болса қосымша су буы мен шаң-тозаңдар да бірге кездеседі.
Атмосфераңың негізгі құрамы: азот (78,08%), оттегі (20,95%), аргон (0,93%), көмірқышқыл газы (0,03%) болып саналады. Олардың жалпы мөлшері 99,99%, ал қосымша компоненттердің, атап айтқанда озон, сутегі, инертті газдар (Не, Nе, Кг, Хе) және т. б. элементтердің мөлшері 0,01% Солардын, қатарында, өте аз мөлшерде каллоидты бөлшектер, яғни әр түрлі жолдармен пайда болған (ғарыштық және антропогендік) индустриялық түтін, атомдық жарылыс заттары және т. б. шаң-тозаңдар бірге кездеседі. Ауа қабатының ауыспалы және тез өзгергіш компоненттері — радиациялық озон, SО2 NО2 О2 NН3 (өндірістік) болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет