1. Іздеу сатысындағы арнайы гидрогеологиялық түсірмелер.
Гидрогеологиялық түсірме (сьемка) жергілікті жердің гидрогеологиялық жағдайын зерттеу үшін және олардың геологиялық құрылымымен байланысын зерттеу үшін жүргізеді. Түсірім дайын геологиялық негізде немесе геологиялық түсіріммен, геоморфологиялық бақылаумен және барлау жұмыстарымен бірігп жүргізіледі. Барлау жұмытарында ол кешенді геолого- гидрогеологиялық түсірілім деп атайды. Ұсақ масштабты түсірме (1:1000 000—1:500 000). Орта масштабты түсірме (1:200 000—1:100 000)
Ірі масштабты түсірме (1:50 000—1:10 000 и крупнее)
Гидрогеологиялық түсірімнің маштабтары гидрогеологиялық зерттеулердің есебіне және жобалау стадияларына байланысты болады.
Жалпылама карта құрастыру үшін түсірім 1: 500000 масштабта жүргізіледі.
Жалпы гидрогеологиялық шарттарда жерасты суларын анықтау үшін түсірілім 1: 200000 – 1:100000 масштабта жүргізіледі.
Күрделі гидрогеологиялық шарттарда пайдалы қазбалардың кең орындарын зерттеу үшін және су жинайтын бөлімшелерді таңдауды негіздеу үшін түсірілім 1: 50000, 1:25000 және 1:10000 маштабта жүргізіледі.
Гидрогеологиялық құрылымның күрделігіне байланысты геологиялық барлау жұмытарын бекітілген нормаларына сәйкес түсірімнің әрбір масштабы бақылау нүктелерінде қарастырылады. Бақылау нүктелерінің санына табиғи су пункттері, физика геологиялық құбылыстардың пайда болуы учаскілері, бұрғылау скважина, құдықтар және бақа да жасанды су пункттері кіреді. Егер бақылау нүктелерінің саны кондициялы талаптарға сай келмесе оның нәтиежесінде алынған түсірілім материалдары құрастыруға жеткіліксіз болып табылады.
Қосымша мағлұматтарды алу үшін барлау ұңғымалары – шурфтар мен бұрғылау скважиналары орнатылады. Олардың саны біріңғай нормалар бойынша анықталады . Сол нормалар бойынша түсірімдік жұмыстарды жүргізудің сметасы құрастырылады.
Гидрогеологиялық түсіру жұмыстардың мақсаты территорияларды шаруашылықтық игеруге жарамдылыққа бағалау үшін инженерлік-геологиялық зерттеулерімен бірге гидрогеологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу. Жұмыстар кешенді сипатта жүргізіледі. Ауданның жерасты сулары сумен қамтамассыз етудің бірден-бір көзі болып табылады. Қойылған тапсырмаларды шешуде гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларға гидрогеологиялық тәжірибе жұмыстарын жүргізу, геологиялық тіліктерді нақтылау үшін картировкалық ұңғымалар бұрғылау, шурфтарды тесу, жерасты және жерүсті суларының анықталған көздері мен жыныстардың белдеуін сынамалау, топырақтардың физикалық-механикалық, сулы-физикалық қасиетін зерттеу, жерасты және жерүсті суларының химиялық талдауын жүргізу сияқты шаралар атқарылады.
Гидрогеологиялық түсірімді жүргізу жұмыстарының құрамына кіретіндер:
Бұрғылау скважиналары мен құдықтарын су көздерін зерттеу.
Жер үстіндегі су көздерін зерттеу.
Жерасты суларының қалыптасуына байланысты физика – геологиялық құбылыстарды зерттеу.
Жерүсті және жерасты суларының химиялық анализін алу үшін үлгілерін алу.
Жергілікті жердің бақылау нүктелерінің арасын зерттеу.
Түсірім процессінде дала жұмыстарында жүргізілетін күнделік және гидрогеологиялық қарталар құрастырылады.
Барлау нүктелерін тіреу пунктеріне байланыстыруды барометрлік нивелирлеу арқылы жүргізіледі.Бұрғыланған скважинадағы құдықтарды су көздерін зерттеуде жиналған барлық мәліметтер арнайы тіркеу бланкілерге жазылады.
2. Гидрологиялық карталардың типтері және оларды құрастыру әдістері.
Технологиялық жобаның есебіне тіркелетін карталар негізгі және арнаулы болып бөлінеді.
Негізгі карталар- нақты материялдар картасы 1,25 м қашықтықта жасалынады. Геоматериялдық карталар токтық, гидрогеологиялық карта, инженерлік, геологиялық карта болып бөлінеді.
Арнаулы карталар- ландшафтық-индикациялық каталар ( жердің сыртқы көрінісің ерекшеліктерін көрсетеді).
Топырақ суларының жату тереңдігінің картасы, топырақ суларының химиялық минералданумен құрылымының картасы, геологиялық, генетикалық,комплекстік болып бөлінеді. Гидродинамикалық карта- сулы горизонттың су өткізгіштігін сипаттайды. Аэрация зонасы тау жыныстарының тұздану картасы гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық аудандардың картасы. Бұл карталардың бәрі 1:50000 масштабта жасалынады.
Гидрогеологиялық карталардың кеңінен тараған типі- сводная гидрогеологиялық карта, ол төрт картадан құралады:
Нақты (фактический ) материалдың картасы.
Негізгі сулы горизонттардың картасы.
4 ғасырлық жасқа дейінгі су өткізетін таулы жыныстарының картасы.
4 ғасырлық жастан кейінгі аз өткізетін таулы жыныстарының картасы.
Нақты материалдардың картасында барлық көздерінің орналасу пункттері көрсетіледі, әрбір су пунктінің сол жағына оның номері, ал оң жағына судың тереңдігі және статикалық деңгейдің белгісі жазылады. Негізгі сулы горизонттардың картасында таратылған негізгі сулы горизонттардың контурлары ерекшеленіп көрсетіледі. Гидрогеологиялық скважинаның металогиялық құрамы көрсетіледі.
Геологиялық картада тау жыныстарының жасы түрлі түсті штрихпен бейнелейді. Олардың әртүрлі арақашықтығы олардың су өткізгіштігін білдіреді. Алшақ штрихтар болса суды жақсы өткізеді. Ал жиі штрихтар нашар өткізеді. Тау жыныстарының металогиялық құрамы қара түсті шартты белгімен көрсетіледі. Бұрғылау скважиналары дөңгелектері мен құдықтар, квадраттармен су көздері үшбұрыштармен белгіленеді. Әр аз пунктінің жанына реттік номері және бөлшек түрінде судың тереңдігі, статикалық деңгейі және максималды дебиді көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |