«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет19/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
ОПИСЬ 22
8 прак.сабақ. Тәжірибелі сүзілу зерттеудің нәтижелерін жөндеу және тұрақталған немесе тұрақталмаған режимдегі сүзілудегі сулы қабаттың параметрлерін есептеу
1 . Тәжірибе-фильтрациялық жұмыстар.

2. Тәжірибе-фильтрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібі.



1. Тәжірибелік жұмыстардың құрамына тау жыныстарының сүзілу қасиеттерінің және басқада гидрогеологиялық параметрлерді жераты суларының қозғалысы мен бағытын, жылдамдығын, қорларын, тау жыныстарының физикалық, механикалық және инженерлі геологилық қасиеттерін зерттеу жұмыстары кіреді. Тәжірибелер жүргізілетін учаскілерді картаға түсіру, барлау және геофизикалық жұмыстар орындалғаннан кейін, тау жыныстарымен жерасты суларының негізгі түрлерінің таралу ауданы белгілі болғаннан кейін таңдап алынады.

Тау жыныстарының сүзілу қасиеттерінің су тарту, су құю, қысыммен су айдау, оған қоса кәріздер (дренаж) шығынынан жүргізілген бауйқаулар бойынша анықталады. Тәжірибелік су тарту негізінде жерасты суларының қорларына баға беріледі, сүзгілердің конструкциясы әр түрлі скважиналардың өнімділігі (дебитін) сонымен бірге олардың кәріздеуші күшін анықтайды. Гидрогеологиялық парметрлерін зерттеу үшін тәжірибелік сүзілу жұмыстарын басқа арнайы әдістер бойынша жерасты суларының режиміне байқаулар сынақ жүргізіледі.

Жер асты суларының қозғалыс бағыты мен жылдамдықтарын индикаторлардың көмегімен анықтайды. Бұл жағдайда радиоиндикаторлық тәсілді қолдану тиімді болады. Өйткені көптеген радиоактивті изотоптар суда жақсы ериді және оңай белгілі болады, радиациялық жағынан да қауіпсіз болады. Радио индикаторлық тәсілдер жерасты сулары мен жер беткі суларының байланысын капилярлық көтерімділік, шымтезекті топырақтағы судың қозғалысын, кәріздерге ағып келіп қосылатын суларды, гидротехникалық құрылымдардың сүзілуін т.б зерттегенде бағалы нәтиежелер береді.

Сүзілу коэффициенті тау жыныстарда су өткізгіштігінің (сіңіргіштігінің, жұққыш-тығының) көрсеткіші болып табылады. Қатты жыныстарының су өткізгіштігі оның жарықшақтығына оның өлшеміне және мөлшеріне байланысты жарықшақты өлшемі (қимасы) үлкен болған сайын сүзілу коэффициентінің мәні де жоғары болады. Тау жыныстарының су өткізгіштігі олардың гранулометриялық құрамына қуыстар мен саңылауларға байланысты болады. Топырақты құраушы түйірлердің әр түрлілігі осы жыныстардың су өткізгіштігін төмендетеді. Сүзілу коэффициенті неғұрлым жоғары болған сайын сумен қамтамасыз ету немесе суғару үшін тау жыныстары суды мол алуға болады. Мұндай тау жыныстарын оңай құрғатуға болады.

Дренаж- кәріз (құрғату) температура жоғарылаған сайын сүзілу коэффициентін лабораторияда және даладағы жұмыс басында анықтайды.


  1. Лабораторияда анықтау. Лабораториялық тәсілдер құрылымы бұзылған немесе табиғи күйінде бақыланған тау жыныстары алынған. Сыналатын үлгілер салынатын құрылымы әр түрлі приборларды пайдалануға негізделген. Байланыспаған топырақтар үшін Тин приборы, Каменский түтігі, спец-гео түтігі пайдаланылады.Байланысқан топырақтар үшін кололепский буменский,тин, Коленскийдің басқа да приборлары қолданылады.Приборлардың көбінде сүзгіш коэффициентін анықтау принципін қолдан реттегіш тегеурін арқылы тау жыныстары арқылы өтетін судың шамасын өлшегенде негізделген. Тегеуріннің прибордың ауданы белгілі болғанда судың мөлшері арқылы сүзілу коэффициентін анықтайды.

  2. Даладағы жұмыс барысында анықтау сүзілу коэффициентін даладағы жұмыс барысында анықтау ең сенімді нәтижелерге қол жеткізеді. Өйткені мұндай жағдайда судың қозғалысы өзінің табиғи жату қалпын сақтаған тау жыныстарында тікелей анықталады. Гидрогеологиялық ізденістер тәжірибесінде суды тарту, тәжірибелік су құю және шурфтардан инфильтрация жүргізу тәсілдері кеңінен қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет