«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет20/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Лабораториялық зерттеулерге топырақтардың минералдылығы және гранулометриялық құрамы,күйі, тығыздығы, массасы, қуыстылығы, ылғалдылығы, сыйымдылығы, су өткізгіштігі, тұтқырлығы, т.б құрылымы сақталған немесе бұзылған үлгілерде жүргізіледі.

Топырақтың үлгілері тау жыныстарының табиғи және жасанды ашылымдарының тау кең қазбаларынан ( скважиналардан, гидростардан, т.б) алынады. Жұмыс барысында яғни тұрақты лабораторияда жерасты суларының химилық және бактерологиялық құрамы анықталады.

Топырақ жеке қасиеттерін үлгілер бойынша лабораторияда анықтаудың нәтижесіндегі топырақтардың әр типі үшін қасиеттер қиындығын жалпылығын көрсеткішін есептеп шығарады. Көптеген көрсеткіштерді статикалық өңдеудің негізінде алынған белгі бір қасиетті көрсететінорташа мәні жалпылаушы көрсеткіш деп аталады. Статикалық өңдеуді бір немесе оданда көбірек жеке көрсеткіш белгілі болған жағдайда ғана жүргізуге болады.

Бұл құрылымды пайдалану процесінде тау жыныстар құрамы мен қасиеттерінің өзгеру ықтималдылығын өзгертіп, түзету енгізілген саны бойынша есептелінетін жалпылауы көрсеткіштік сенімінің жеткіліксіздігіне қосымша енгізуден кейін жалпылаушы есептік көрсеткіш мәні қабылданады.

Жер асты суларын іздеу және барлау халық шаруашылығында әр түрлі қажеттіліктерге байланысты жүргізеді.

Жер асты сулары қажетті жағдайда барлау жұмыстарын пайдаланады, кей жағдайда зиянды фактор ретінде оны жою үшін де іздеп барлайды. Өндірістік ұйымдарды, қалаларды, елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету жағдайында құрған территорияларды суландыруға, минералды және емдік суларды алу үшін жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстары жүргізіледі.

Батпақтарды құрғату жобасын жүргізу үшін жер асты суларының деңгейін жасанды түрде төмендету үшін, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін сулануға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін жер асты суларын барлайды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыста түне,көпір құрылымдарын жүргізу үшін де жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстары жүргізіледі.

Жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстарында гидрологиялық барлаулық бұрғылау жер асты суларын жас режимдерін бақылау.

Геофизикалық зерттелмеген сынақтың зерттеулер жатқызылады.

Жер асты суларын барлау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен гидрологиялық зерттеулер жүргізіледі. Аймақтық гидрологиялық парметрлері анықталады.

Сүзілу қасиеттерімен судың физикалық сипаттамаларының жиынтығы гидрогеологиялық параметрмен көрсетіледі. Оларға: сүзілу коэффициенті, қозғалыстың гравитациялық коэффициенті, судың сіңіргіштік қасиеті су өтімділігі жатады.

Жер асты суларын барламас бұрын қолда бар материалдарды пайдаланып зерттейді. Жер асты суларын пайдалану мақсатына байланысты жобалаудың статияларын пайдаланып зерттеуші. Жер асты сулары пайдалану мақсатына байланысты жобалаудың статияларын пайдаланып гидрогеологиялық зерттеулердің бағдарламасын құру қажет.

Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.

Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.

Геологиялық барлау және пайдалану жұмыстарын жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар:


  • толық кешенді зерттеу және қайтымсыз су шығынының және ұңғыманы пайдалануда сапалық қасиеттерінің жетіспеушілігін алдын-алуға қол жеткізетін жерасты су кен орындарын барлау және өндіру;

  • су тасымалдаушы қаттардың ластану мүмкіндігін жою;

  • егер бұл жобада қарастырылмаса, түрлі қаттар суларының ығысу және бір қаттан келесісіне (өте төменгі арынмен ) ағу мүмкіндігін жою;

  • жерасты суларын бақылаусыз реттелмей шығуына жол бермеу, ал апаттық жағдайларда су шығынын жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдау;

  • пайдалы компоненттері бар жерасты суларын кешенді пайдалану;

  • барлау және пайдалану жұмыстары процесінде жарамсыз болып қалған жер учаскелерінде қайта құру жұмыс кешендерін жүргізу;

Бақылау сұрақтары:

1. Жер асты суларын барлау жұмыстарының ерекшеліктері?

2. Қандай жағдайда барлау жұмыстары жүргізіледі?

3. Жер асты суларын барлау үшін алдын ала қандай жұмыстар жүргізіледі?

4. Тәжірибелік жұмыстардың құрамына қандай жұмыстар кіреді?

5. Фильтрация деген не?

6. Сүзілу коэффициенті қалай анықталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет