9 прак.сабақ. Арынсыз қабаттан су тартылу құрылысының гидродинамикалық есебі
1 . Шоқтық су тартудың әдісі
2. Су тарту бойынша гидрогеологиялық параметрлерді анықтау.
Су тарту тәсілі - тау жыныстарының су өткізгіштігі анықталатын учаскеде сулы горизонтқа жеткізіп бірнеше скважина бұрғыланады. Бір ғана скважина бұрғыланғанда дефрециялық шұқырға байқау жүргізбей-ақ суды тарта беруге болады. Бірнеше скважина бұрғыланғанда дефрециялық шұқырға байқау жүргізбей-ақ суды тарта беруге болады. Бірнеше скважина бұрғыланғанда суды орталық скважинадан тартады. Басқа скважиналар арқылы топырақ суларының деңгейіне және орталық скважинаның тереңдігінде дефрециялық шұқырдың таралуына байқау жүргізеді.Суды тарту алдында барлық скважинаның судың деңгейі өлшенеді.
Сурет 5. Топырақ суларының сулы горизонтындағы байқау аймағының кескіні. 1 — құмдар; 2 — саздар (су тұтқыш); 3 — суды тартатын орталық скважина; 4 — байқау скважиналары; 5 —суды тартуға дейінгі топырақ суының деңгейі; б — су тарту уақытында құрылатын.
Н - топырақ суының сулы горизонтының қалыңдығы; S — су тарту уақытында су деңгейінің төмендеуі; R —депрессиялық воронка радиусы.
Сурет 6. Берілген аэрация зонасындағы шурфқа су құю прцесінде пайда болатын жерасты суларының қисығы.
1 — құмдар; 2 — саздар; 3 — суды құятын шурф; 4 — топыпақ суының деңгейі: а —су құюға дейін, б — су құю кезінде.
Н — топырақ суының сулы горизонтының қалыңдығы; S' — су құю кезінде топырақ суының деңгейінің өсуі; R'— жерасты суларының қисығының радиусы.
Тәжірибелік су тарту кезінде барлық скважинадағы судың деңгейлері және тартып шығарылған судың мөлшері өлшенеді.
Топырақ суларының қабатына жеткізіп қазылған құдық арқылы сүзілу коэффициенті мына формуламен анықтаймыз
Мұндағы: R- скважинаның әсер ету радиусы тау жынысының түрлеріне байланысты қабылданады. Сазды топырақтарда 20-30м, ірі құмдарда 500м дейін болады.
r- скважинаның радиусы
h- скважинадағы судың деңгейі
S- скважинадағы деңгейлердің төмендеуі немесе тарту тереңдігі
2.Тәжірибелік су құю тәсілі-бұл тәсіл топырақ суларының деңгейі жақында орналасқанда қолданылады. Тәжірибелік скважинаға су құю арқылы ондағы және оған жақын орналасқан топырақ суларының деңгейін көтереді. Скважинаға құйылған судың мөлшерін тәжірибелік және байқау скважинадағы судың деңгейін біле отырып сүзілу коэффициентін есептеуге болады
Зерттеудің барлық түрлері материялдардың өңдеу жұмыстарының жеке түрлерінің аяқталу барысына қарай жүрпгізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін материялдарды өңделіп есептік баяндама жазылады. Бұл есеп түсіндіру жазбасынан түрлі түсті карталардан, геологиялық гидрогеологиялық қималардан, скважиналар мен шурфтардың қималарынан, стратографиялық графиканың фото түсірімдерінің және түрлі есептерден тұрады.
Есепке тіркелетін қосымшалар ретінде ең бастысы гидрогеологиялық карталар және гидрогеологиялық қималар кіреді. Гидрогеологиялық карталар жерасты суларының сипаттарын немесе сулы горизонттың гидрогеологиялық қасиетін көрсетеді.
Инженерлік геологиялық карталарға мелиоративтік жүйелермен гидротехникалық құрылымының жағдайына әсер ететін табиғи факторлар түсірледі. Әдістемелік нұсқаулар мен уланатын жерлердің техникалық жобасын негіздеу үшін арнайы есеп дайындалады. Бұл есептің түсініктеме жазбасында аймақтық зерттеу тарихы, жұмыстардың әдістемесі, зерттеудің физикалық, географиялық, геологиялық, құрылымдық жағдайын сипаттаушы материялдың жағдайы болады. Бұл есептің қосымшасында мынандай тараулар болады:
Сулы горизонттың гидродинамикалық гидротехникалық ерекшеліктерді, жер беті және жерасты суларының өзара байланысы, судың қоректену аймағы, сулы горизонттың су алмасу сипаты.
Аэрация зонасымен қанығу зонасының метологиялық құрылымы және су өткізгіштігі.
Жердің тұздануы және батпақтану дәрежесінің сипаты.
Байқалатын және болжанатын инженерлік геологиялық құбылыстар.
Сурет 7. Тігінен біркелкі арынсыз қабаттағы деңгейдің шектік төмендеуі (a) және су өткізгіш нұсқасы (б)
Сурет 8. Тігінен біркелкі емес арынсыз қабаттағы деңгейдің шектік төмендеуі (a) және су өткізгіш нұсқасы (б)
Сурет 9. Пластаралық сулы горизонттардың деңгейінің шектік төмендеуі
Сурет 10. Өзен айналасындағы су қабылдайтын құрылымдардың депрессиялық воронканың даму сипаты
Бақылау сұрақтары:
1. Гидрогеологиялық параметрлер қалай анықталады?
2. Бақылау арқылы график қалай құрастырылады?
3. Депрессиялық сызық қалай сызылады?
4. Шоқтық су тарту әдісі қалай жүргізіледі?
5. Тәжірибелік су тарту кезінде қандай параметрлер өлшенеді?
6. Сүзілу коэффициенті қалай анықталады?
Достарыңызбен бөлісу: |