15 прак.сабақ. Өзен аңғарындағы көмбе шөгінділерге жерасты суын пайдалану қорын есептеу
1. Шөлейтті аймақтарындағы жерасты су кен орындары
2. Құм массивтеріндегі жерасты су кен орындары
Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді.
Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы.
Ембі өзенінің аңғарлары мен салаларында құм массивтер бар. Олар аңғарлардың биік террасалары мен минералдық құрамы аллювиальдық құм құрамына сәйкес келетін биіктікте орналасқан.
Республикадағы шөлейттер мен жартылай шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады. Атмосфералық жауын – шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (h = 300...400 м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады. Жауын – шашыны аз әрі ылғал көп буланатын аудандарда (шөл – шөлейт) жер асты сулары негізінен су буларының конденсациялануымен қоректенеді. Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан. Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жартылай шөлейтті аймақтарындағы жерасты су кен орындары қалай қалыптасады?
2. Шөлейт аймақтарында қандай суды пайдаланады?
3. Шөлейтті аймақтарындағы жерасты су кен орындары қалай қалыптасады?
4. Шөлейт аймақтарында қандай суды пайдаланады?
Пайдаланған әдебиеттер
1. Климентов П.П., Кононов В.М., Методика гидрогеологических исследований. М: Высшая школа, 1989.
2. Плотников Н.И. Поиски и разведка пресных подземных вод. Москва: Недра, 1985.
3. «Месторождения подземных вод Казахстана». Справочник Института гидрогеологии и гидрофизики им. У.М. Ахмедсафина. Алматы, 1999. Т. I- III.
Білім алушының білімін бағалау критериялары
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдың сандық көрсеткіші
|
% көрсеткіш
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
Білім алушының білімін бағалау критерияларын
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |