4 прак.сабақ. Белгілі бір гидрогеологиялық жағдайлардағы әр түрлі маңызы бар гидрогеологиялық ұңғымалардың жобасы
1 Белгілі бір гидрогеологиялық жағдайлардағы әр түрлі маңызы бар гидрогеологиялық ұңғымалардың жобасы
2. Гидродинамикалық және сәйкес әдістер.
1. Жерасты суларының болжамдық ресурстары жалпы гидрогеологиялық тұжырымдар, аумақтық және аймақтық арнайы зерттеулер негiзiнде бағаланады.
Мемлекеттiк геологиялық сараптамадан өткен жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстары Мемлекеттiк есепке алынуға тиiс. Басқа пайдалы қазбаларды өндiрумен, сондай-ақ жер қойнауын пайдалы қазбалар өндiруден тыс, басқа мақсаттарда пайдаланумен байланысты шығарып алынатын кәрiз (құрғату) және iлеспе сулардың пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстары, оларды онан әрі iске асыру мүмкiншiлiгiне, төгу (ағызып жiберу) және қоршаған табиғи ортаға тигiзген әсерiн бағалау қажеттiлiгiне сәйкес, Мемлекеттiк геологиялық сараптамадан өтуге және Мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
Ауызсудың, техникалық және минералдық шипалы сулардың сапасы Мемлекеттiк және салалық қалыптарға (стандарттарға), су пайдаланудың техникалық шарттарына және су тұтынатын ұжымдардың талаптарына қарай бағаланады. Минералдық шипалы сулардың қажеттi сапалық көрсеткiштерiн (кондицияларын) денсаулық сақтау органдары тарапынан өкiлдiк алған ұжымдар бекiтедi.
Ауыз суын iшу мен тұрмыста тұтынудан басқа мұқтаждыққа пайдалануға, әдетте, жол берiлмейдi, ол өте сирек жағдайда жер қойнауын реттеу, пайдалану және қорғау органдарының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Орнатылған тәртiппен шипалы суға жатқызылған минералдық сулар ең алдымен емдеу мақсаттарында пайдаланылады, оларды басқа мақсатқа пайдалануға сирек жағдайда арнайы өкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар рұқсат етедi.
Өнеркәсiптiк және жылу-энергетикалық сулардың сапасы, оларды кешендi пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, осы суларды өндiру және өңдеу iсiнде ең ұтымды әрi тиiмдi әдiстердi қолдану негiзiнде әзiрленген қажеттi сапалық көрсеткiштерге (кондицияларға) сәйкес бағаланады. Экономикалық тұрғыдан негiзделген қажеттi сапалық көрсеткiштер (кондиция параметрлерi) орнатылған тәртiппен бекiтiледi.
Жерасты суларының қорлары мен ресурстары текше (метр3/тәулiк) өлшемiмен саналып есепке алынады. Өнеркәсiптiк сулардағы негiзгi және iлеспе құраластар тоннамен бағаланады; бұл кен орнын есептi мерзiмде пайдаланғанда, суды өңдеу барысында болатын ысырапты есептемегенде, шығарылатын өнiм. Жылу-энергетикалық сулардың кен орындары бойынша, пайдаланылатын қорымен бiрге, кен орнының қуаты бағаланады (жылдық гигаджоуль, тонна шартты отын өлшемiмен).
Осы сыныптама қолданылып жүрген заңдылық негiзiнде Қазақстан Республикасы аумағында жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарын зерделеу мен бағалауға байланысты гидрогеологиялық жұмыстар жүргiзетiн, иелiк ететiн меншенiң түрiне (меншiк иесiне) және идаралық (ведомстволық) қатыстығына қарамай, барлық ұжымдар үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
Арнайы бағдарлама бойынша гидродинамикалық зерттеулерді жүргізгенде геологиялық процестердің өтуіне тұрақты байқау жүргізіледі. Байқаудың ұзақтығы бір немесе бірнеше жылдар болады. Мелиорациялық жүйелер мен ірі гидротехникалық құрылымының аумағында басты геологиялық процестерді байқау оларды пайдалану кезінде жүргізіледі. Мұндай процестердің қатарына гидротехникалық құрылымдардың беткейлер мен баурайларының тегістелуі, топырақтардың отыруы, сел тосқындары, бөгет жағалауының мүжілуі, жерасты суларының қозғалысы, олардың химиялық өзгерістер т.б жатады. Гидромелиорация жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде жүргізілетін ең басты тұрақты зерттегенде жерасты суларын тапырақ суларының режимі мен балансын, ал жерлерді суландыру жүйелерінде топырақ суларының тұздану балансын және аэрация зонасын зерттеуді жатқызуға болады. Мұндай мәселелерді шешу үшін гидротехникалық құрылымының орналасу ауданында, суғару және құрғату жүйелерінің аумақтарында байқау посттарының торабы орналастырылады.
Гидрогеологиялық станциялар ерекше бағдарлама бойынша жерасты сулары, топырақ суларының режимін зерттейді. Онда жерасты суларының режимін, температурасын, судың құрамын үздіксіз байқайтын режимдік скважиналар болады. Тәжірибелік алаңдарда арнайы приборлардың көмегімен мелиорацияланатын жерлердің топырақ суларының су режимі, тұз режимі және балансы зерттеледі. Станциялардың зерттеу нәтижелері арнайы есеп беру құжаттарында тіркеліп отырады.
Мелиоративтік жүйелерді жобалағандағы гидрогелогиялық зерттеулердің негізгі міндеттеріне жер асты суларының, әсіресе, грунт суларының қоректену көзі мен шығынына есептік баға беру, грунт суларының төменде жатқан арынды горизонттар есебінен қоректенуінің мүмкіндіктерін анықтау, мелиорацияланатын жерлердің аумағында жатқан грунттардың жатыс жағдайларын, су өткізгіштігін, су қайтарғыштығын, мибатпақтығын, отыруын, ісінуін, шайылуын, тиксотропиялық және басқа қасиеттерін анықтау жатады. Мелиоративтік жүйелер құрғату, суару және суландыру жүйелері болуы мүмкін.
Құрғату жүйелері. Шамадан тыс ылғалданған жерлерді ауыл шаруашылығында игергенде өсімдіктер тамыр жаятын қабатта аэрация зонасын жасау қажет. Бұған грунт суларының деңгейін ауыспалы деңгейге дейін төмендету арқылы қол жеткізуге болады. Грунт сулары ауыспалы деңгейден жоғары күйге орнағанда өсімдік суды аз алады да, оның беретін түсімі азаяды. Құрғату- шамадан артық грунт және жер беті сулары игеріліп, жатқан жердің аумағынан тысқа ағызып жіберу. Бұл үшін арнайы ашық каналдар қазылады немесе құрғатудың қабылданған жағдайларына сәйкес жобаланған тереңдікте тартылатын қуысты керамикалық түтіктердің кесінділерінен тұратын құбырлар қолданылады. Құрғатудың өздігінен ағатын әдісінен басқа скважиналардан су тарту түріндегі вертикаль кәріздеу де пайдаланылады. Зерттеудің нәтижесі бойынша грунт суларының режимі мен құрғату кезіндегі жер беті өзгеруінің болжамы жасалады.
Суару жүйелері. Ылғал жеткіліксіз болған жағдайда суару жүйелері салынады. Ашық немесе жабық су жүргізгіштер (каналдар, құбырлар) желісі бойынша су (көбінесе жер беті сулары, ішінара жер асты сулары) ауыл шаруашылығы егістіктеріне беріледі. Бұл жағдайда каналдардың су сүзілу немесе суарылатын егістіктердің инфильтрациясы есебінде жер асты суларының (негізінен грунт суларының) қоректенуі орын алады. Грунт суларының деңгейі осы қоректенуден біраз көтеріледі де біршама тереңдікке келіп жеткеннен кейін топырақтың тұздану процесі басталады. Көптеген факторларға байланысты келетін деңгейдің осындай тереңдігін (2,5-3,0 м шамасында) ауыспалы тереңдік деп атайды. Топырақтың тұздану процесін болғызбау үшін суару жүйесімен қатар жиюшы-кәріздеуші тораптары жасалады. Осы торап арқылы каналдардан сүзілетін егістік далаларынан инфильтрацияланатын (сіңетін) судың біраз бөлігі суарылатын жер аумағынан тысқары жаққа ағызылып, әкетіледі. Бұл жағынан алғанда суару жүйелерінде жабық су жүргізгіштер және бетондалған каналдар тарту тиімді. Бұл жағдайда суды тиімді пайдаланудың коэффициенті артады және топырақтың тұздану мүмкіндігі барынша азаяды.
Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Аэрация зонасындағы грунттар күйінің және грунт суларының режимі мен балансының өзгерулеріне болжам жасалады. Бұл болжам кәріздеу мен суару жүйелерінің өлшемдерін белгілеуге, су беру нормалары мен грунт суларының режимін реттеуге қызмет етеді.
Суландыру жүйелері. Зерттеулердің негізгі мақсаттарына сумен қамтамасыз етуде (суландыруда) ең зор келешегі бар сулы горизонттарды анықтау, осы горизонттардың пайдаланылатын қорына, олардан суды алудың жағдайларына, судың сапасына баға беру жатады.
Жер асты суларының (ауыз су, техникалық, минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық) пайдаланылатын қорларын қайта бағалау материалдарын мемлекеттік сарапнамаға ұсынуда қойылатын талаптар туралы осы Нұсқау ҚР Президентінің Заңды күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 18 қазанындағы N 1288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ережесіне сәйкес жасалған.
Бақылау сұрақтары:
1. Суармалы жерлер үшін жерасты суының пайдалану ерекшеліктері?
2. Суармалы жерлер үшін жерасты суының пайдалану қоры қалай бағалаланады?
3. Суармалау жүйелерінде қандай су жүргіщтер пайдаланады?
4. Жерасты суының пайдалану қорын бағалаудың қандай әдістері бар?
5. Жерасты суларының қандай сәйкес әдістері бар?
6. Гидродинамикалық әдіс қандай әдіс?
Достарыңызбен бөлісу: |