5 прак.сабақ . Әр түрлі гидрогеологиялық жағдайдағы тәжірибелі су тартудың жобасы
1 . Әр түрлі гидрогеологиялық жағдайдағы тәжірибелі су тартудың жобасы
2. Гидрогеологиялық зерттеулердің сатыларының жалпы жағдайлары.
1. Даладағы жұмыс басында сүзілу коэффициентін анықтау. Сүзілу коэффициентін даладағы жүмыс басында анықтағанда ең сенімді нәтижелерге кол жетеді. Өйткені мүндай жағдайда судың қозғалысы өзінің табиғи жатыс қалпы сақталған жыныстарда тікелей анықталады. Гидрогеологиялық іздестірулер практикасында суды тарту, тәжірибелік су қүю және шурфтардан инфильтрация жүргізу тәсілдері кеңінен қолданылады.
Бұл тәсілдердің әуелгісі сүзілу коэффициентін сулы горизонттардың аумағында анықтағанда, өзгелері аэрация зонасы-ның шегін анықтағанда қолданылады.
Гидрогеологиялық зерттеулерде жер асты сулары температурасы, түсі, мөлдірлігі, дәмі және иісі сияқты физикалық қасиеттермен анықталады. Жер асты суларының температура өзгерісі үлкен болады. Биік таулы аудандарда және көпжылдык тоң тараған аймақтарда жер асты суларының температурасы төмен, ал соцғы аймақтарда минералдылығы жоғары сулардың температурасы бірсыпыра орындарда бұрыс мәнді келеді (—5°С не одан да төмен). Жас вулкандық әрекеттің аумағында, гейзерлер жер бетіне шығатын орындарда (Камчатка, Исландия) судың температурасы кейде 100°С-тан асады. Ортаңғы ендіктердін тайызда жатқан жер асты суларынын, температурасы 5—12°С шамасында өзгеріп отырады және негізінен жергілікті климаттық, гидрогеологиялык жағдайларға байланысты болады.
Гидрогеологиялык, зерттеулерде жер асты суларының темпе-ратурасы бұлақта, құдықта немесе скважинада тікелей өлшенеді. Су температурасын өлшеу үшін самарқау термометр деп аталатын термометрлер колданылады. Оның сұйық құйылған тостағаншасы (кішкене шары) жылу өткізбейтін заттармен (мақта, жүн) оралады. Терең скважиналардағы судың темпе-ратурасын кәдімгі термометрден басқа электротермометрлер және термоэлементтер (термокосарлар) пайдаланылады.
Ұңғымаларды бұрғылап мониторингтік тексеру жобаларын жасау, сужиғылардағы жерасты суларын барлау мен пайдалану жобаларын әзірлеу, АЖС алаңдарына, қалдықтарды жинау арықтары мен полигондарына технологиялық жоба, бағдарлама, гидрогеологиялық тұжырымдама жасау сияқты әртүрлі гидрогеологиялық қызмет түрлері бар.
Сурет 2. Дала жұмыстарының жүргізу түрлері.
Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар қоршаған ортаны, сонымен қатар жерасты суларын (қалдықтарды сүзгілеу қоймалары, өндірістік алаңдар) жедел қарқында ластауда. Жерасты суларының ластануының үнемі жетіліп отырушы процесі осы кәсіпорындар қызметінің нәтижесі. Қазіргі таңда ластану көлемінің ұлғайғандығы соншалықты, шаруашылық және ауызсу сужиғылары ластанған белдеулерде қалып отыр. Бұл процесс өз кезегінде тосын оқиғалардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды талап етеді.
Жерасты суларының режимі мен теңгерімін табиғи және баяу бұзылған жағдайларда зерттеу, Мемлекеттік бақылау желісі бойынша жерасты суларының Мемлекеттік мониторингі мәліметтерінің компьютерлік базасын қалыптастыру, жерасты суларының жағдайы мен тиімді пайдаланылуын үздіксіз бақылау жұмыстары келесі тәсілдермен жүргізіледі:
жерасты және жерүсті суларының деңгейі мен температурасын өлшеу;
жүйе инспекциясын жүргізу;
ұңғымаларды сорып тазалау, жерасты және жерүсті суларының сынамаларын алу;
зертханалық зерттеулер жүргізу;
сужиғыларды тексеру
жерасты суларының Мемлекеттік мониторингі компьютерлік базасын қалыптасыру.
Түрлі геологиялық, климаттық және ландшафттық жағдайлармен ерекшеленетін, жер сілкінісі, оппалар, сел, эрозия, суффозия, су тасқыны, қар көшкіні, қатаң аяз сияқты табиғаттың 10 астам жойқын тосын құбылыстары кездесетін өңір аумақтарда бірнеше стационарлық бақылау бекеттері орналасады.
Төнген қауіпті жағдай туралы Мемлекеттік органдарға берілген болжам мен ақпарат – тұрғылықты халықты және халықшаруашылығы объектілерін бүлінуден қорғау шараларының дер кезінде, уақтылы қабылдануына септігін тигізеді.
Сурет 3. Бұзылмаған құрылымды топырақ сынамасын алу.
|
|
|
|
3. Жерасты суларының қандай физикалық қасиеттері анықталады?
Жер асты суларын іздеу және барлау халық шаруашылығында әр түрлі қажеттіліктерге байланысты жүргізеді.
Жер асты сулары қажетті жағдайда барлау жұмыстарын пайдаланады, кей жағдайда зиянды фактор ретінде оны жою үшін де іздеп барлайды. Өндірістік ұйымдарды, қалаларды, елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету жағдайында құрған территорияларды суландыруға, минералды және емдік суларды алу үшін жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстары жүргізіледі.
Батпақтарды құрғату жобасын жүргізу үшін жер асты суларының деңгейін жасанды түрде төмендету үшін, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін сулануға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін жер асты суларын барлайды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыста түнел, көпір құрылымдарын жүргізу үшін де жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |