Жерге орналастырудағы геоақпараттық жүйелер



Дата07.02.2022
өлшемі1 Mb.
#95096
Байланысты:
Презентация Комп.граф

Жерге орналастырудағы геоақпараттық жүйелер

Орындаған:Кегенбай Ақбота

Тобы:Зу-216

Тексерген:Асқарова Құндыз

Геоақпараттық жүйелердің тарихы

  • ТМД – да ГАЖ – дың кәсіптік және мамандандырылған деңгейі қатар қолданылады. Бағдарламалық өнімдер моделді принцип негізінде қалыптасады. Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады. Барлық жүйелер Windows платформасында жұмыс істейді. Олардың кейбіреулерінің ғана басқа операциялармен жұмыс істейтін версиялары бар («Горизонт – MS DOS, Unix, Linux, MC BC, Free BSD, Solaris, ИНТРОС, ПАРК – MS DOS; Digital Unix, Arc GIS, ArcInfo Solaris, AIX, ArcView GIS – Unix).

Геоақпараттық жүйенің қолданылу мақсаты

  • Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және технологиялар бүгінгі күні ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, саяси және экологиялық дамуда, өндірістік және еңбек әлеуеті салаларында ерекше орынға ие. Олар көптеген дамыған шетел мемлекеттерінде кеңістіктік (географиялық) мәліметтерді жинау, сақтау, талдау және графикалық бейнелеу үшін қолданылады. Геоақпараттық жобаларды (GIS project) іске асыру бірнеше кезеңдерден құрылады. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жердің бедері туралы нақты және сенімді мәліметтер алу үшін, сонымен қатар жолдар, су қоймалары, орман алабтары, ғимараттар мен құрылыстар сияқты нақты нысандарды сипаттау үшін, және құрылыс аумағында бедер күйінің өзгеруін белгілеп қою үшін қолданылады. Мақалада ГАЖ ұғымына талдау жасалады, оның пайда болуы мен даму тарихы, классификациясы, геодезияда геоақпараттық технологиялар қолданылудың үлгілері келтіріледі.Қазақстанда ГАЖ кең қолдану мақсатында мемлекет тарапынан сәйкес қолдау жасалып, бірқатар шаралар қолдану қажет.

Геодезияда геоақпараттық жүйелер

  • Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жер қыртысы мен жағдайы, орналасқан ғимараттары мен құрылыстары (жер үсті, жер асты және жерден жоғары) және жоспарға сай орналасқан басқа да элементтер туралы нақты, сенімді және өзекті материалдар мен мәліметтер (сандық, графиктік немесе басқа формада) алу үшін қолданылады. Ол территорияны тиімді шаруашылық қолдану мақсатында; нысандарды тиімді қолдану мен жою үшін, жоба алдындағы құжаттарды негіздеу үшін, жаңа нысандар салуды жобалау және салу үшін, бар нысандарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қамтамасыз ету үшін қажет.
  • Мемлекеттік тізімдеме жасау және жұмысын қамтамасыз ету үшін (жер, қала құрылысы және т.б.), жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациясын есепке алу жүйесін құру үшін, территорияны басқаруды қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікпен азаматтық-құқықтық операцияларды өткізу үшін қажет.
  • ГАЖ-да топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету модулі бар, ол түрлі мекемелердің топографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылады.

Топографияда модульдік қызметтер

  • Модульда қызметтер жиынтығы көмегімен жүйеге келтірілген кешенді жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік туады. Осындай модульдің қызметтерін бірнеше топтарға бөлуге болады:
  • Тірек негіздемесінің қалыптасуы, оның ұлғаюы мен теңесуі;
  • Топографиялық мәліметтерді өңдеуі;
  • Өлшемдерді автоматтандыру (бұрыштық және сызықтық), аудан мен көлемнің есептелуі;
  • Геометриялық есептердің позитивті шешілуі;
  • Карталар мен жобаларда ақпараттың толықтырылуы;
  • Арнайы регламенттік және қосымша есептік құжаттаманың қалаптасуы мен жүргізілуі. [6]
  • ГАЖ әртүрлі құбырларды пайдалануда, инфрақұрылымның дамуында және инженерлік-құрылыстық жұмыстарда қолданылады. Геодезия мамандары еңбек ресурстарына баға бере отырып, географиялық ақпараттық жүйелер қазіргі технологиялар жұмыс процесстеріне талдау жасайды.
  • ГАЖ геодезияда қолдану геодезиялық мәселелерді шешудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, еңбек өнімділігі мен оның тиімділігін жоғарылатады, өлшеу дәлдігін арттырады.
  • Қазіргі компьютерлік технологиямен бірге қарқынды даму қарсаңындағы геодезия әдістері ГАЖ мүмкіндіктерін пайдаланып, геодезиялық тапсырмаларды, яғни жасалынатын карталарды қажетті дәлдікте, тез әрі тиімді, материалдық және ақшалай шығынсыз шешуге мүмкіндік тудырды.

Геоақпараттың атрибуттық формасы

  • Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
  • Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет