Жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Магнитті азимутты анықтау



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі153,49 Kb.
#87833
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
АӘД Саят 9

Бекіту сұрақтары:

  • Жергілікті жерде бағдарлану дегенді қалай түсінесіңдер?

Әскери операция немесе соғыс кезінде сен үшін белгізіс жерде көкжиек бойынша сол аумақтың жер бедеріне,ауылдарына,жергілікті заттарына қарай немесе көкжиек бойынша өзіңнің тұрған жеріңді анықтау деп ойлаймын.



  • топографиялық элементтер дегеніміз не?

Топографиялық элементтер — біркелкі белгілері бойынша белгілі бір топтарға біріктірілген жергілікті жердегі табиғи және жасанды объектілер. Оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары (өнеркәсіп және ауылшаруашылық), жол торабы, топырақ-өсімдік жамылғылары, гидрография (өзендер, көлдер, су қоймалары және т.б.) Топографиялық элементтер жергілікті жерде бірыңғай кешен құрайды, онда әрбір элемент бір-бірімен байланысты және бір-біріне әсер етеді. Олардың әр түрлі болып үйлесуі жергілікті жердің ерекшелігі болып шығады.

  • Түзу және кері азимутқа анықтама беріңдер?

Тура азимут-жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен қандай да болмасын басқа нүктеге бағытталу азимуты. Тікелей азимут, сағат тілімен 0° - тан есептеледі, ол бақылаушыдан нысанға дейінгі бағытты көрсетеді. Компасты бағытталған қалпында ұстап қақпақты бұрып ойықты қарауылды берілген бағыттағы нысанаға қарай көзейді (компастың нысана бойын бағыт затқа үйлестіріледі.
Кері азимут-жергілікті заттардың тұрған нүктеге бағыттық азимуты. Оның тура азимуттан 180 градус айырмашылығы бар. Егер тура азимут 180 градус кіші болса, бұл мөлшер тура азимутқа қосылады, ал ол 180 градустан үлкен болса, алынады. Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін, лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып оның солтүстік ұшын лимбтағы нөлге әкеледі; жергілікті жердегі берілген бағытқа карап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәлдейді; онда меңзердің калпымен ойықты-қарауылды бағыт сызығы шығады. Компаспен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10 см төмен сол қолға ұстайды, шынтақты бүйірге қысып ұстау керек

  • Азимут бойынша қозғалу ретін айтып беріңдер?

Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі.Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау (қосалқы) бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы жерлерде тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болғанда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады.
Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзермен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.
Қыс мезгілінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.
Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бөгеттен қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады.Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10-ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет