Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в аркылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына салады; соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді. Егер бұлтты түні Темірқазық жұлдызын табу мүмкін болмаса, бірақ Ай көрініп тұрса, онда көкжиек тұстары Ай бойынша анықталады. Ай бойынша анықтау — Темірқазық жұл дызына қарағанда анағұрлым дәл емес. Көкжиек тұсын анықтаудың ең бір қарапайым түрі — Айдың толық жүзі көрініп тұрғанда анықталады. Бұл фазада Ай Күнге қарсы орналасқан. Бұл кезде түнгі сағат 1 шамасында Ай оңтүстікте, сағат 7 шамасында — батыста, 19 сағатта — шығыста болады.
Кері азимут—ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180°- айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180°-тан кіттті болса немесе алынады, егерде ол 180°-тан үлкен болса.
Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы — ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады.
Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10 см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.