ІV. Үйге тапсырма: 1. Литосфера тарауына презентация дайындау
Сабақ: 13 Тақырыбы: Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.
Дамытушылық:Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.
Көрнекілік құралдар: АКТ, оқулық, суреттер.
Сабақ түрі:Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: ЖИГСО әдісі, ВЕНН диаграмма.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау:
Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі. Оқушылар топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасайды:
Төраға
Таймкипер
Хатшы
Баяндамашы
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды постер арқылы қорғайды.
І топ. Атмосфера қабатына жалпы сипаттама
ІІ топ. Ауа құрамындағы газдарға сипаттама
ІІІ топ. Атмосфераның негізгі қабаттарына сипаттама
ІV топ. Ауаның ластануына сипаттама