Жертану Орал, 2018


Электронды оқулықтан жаңа тақырыпты тыңдату



бет17/45
Дата25.03.2022
өлшемі273,76 Kb.
#136817
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Факультатив Жертану

Электронды оқулықтан жаңа тақырыпты тыңдату.
Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі-Күн. Күн-жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның Себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 000 км есе үлкен. Жердегі Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5млд.жыл. Оның бетіндегі температура +60000С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге күн қуатының 2 млрдтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 мин 19 сек. жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4 млр жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде 1 клеткалы қарапайым организмдерден әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығармас еді. Оттегімен жан-жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі-дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, күннен шығатын жарық пен жылусыз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет