Сабақ: 8 Тақырыбы: Күн жүйесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың табиғат танушылығын, табиғатқа қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:Күн жүйесінің схемасы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: Географиялық диктант, сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ: Күнді 8 ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып жүреді.
Меркурий-ең жылдам және қозғалмалы планета-римдік жолдар мен жолаушылардың құдайы.
Венера-римдік сұлулық құдайы.
Марс-аспанда күрең қызыл түспен жарқырап тұрады, сол үшін соғыс құдайы атауын алды.
Юпитер-жұлдыздар арасында баяу қозғалады.
Сатурн-Юпитермен салыстырғанда бачу қозғалады және жалтырлығы бойынша солғындау, сондықтан уақыт құдайы Сатурн атымен аталған. Одан кейін бертің келе телескоптар пайда болғаннан кейін Уран, Нептун және Плутон ашылды. Оларды қарусыз көзбен көру мүмкін емес.
Уран-Юпитредің атасы.
Нептун-өзендер құдайы.
Плутон-қараңғылық пен жер асты патшалығының құдайы.