Жеті жарғы Орындаған: Лесбек Нұрдаулет



Дата27.09.2023
өлшемі10,53 Mb.
#182642
Байланысты:
Жеті жарғы

Жеті жарғы

Орындаған: Лесбек Нұрдаулет

Қабылдаған:Жаманкараева Галия

Қазақтың төл заңдары

Қазақтың төл заңдарына қай заңдар кіреді? Қазақ хандығы тұсында ел тарихындағы ең маңызды заңдар қабылданған. Олардың қатарында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" және "Жеті жарғының" алар орны зор. Аталған заңдардың ішінен Тәуке ханның заңы "Жеті жарғыны " бүгін талқылаймыз

ХVІІ ғасырда Қазақ хандығы әлсіреп, жау жағадан алған сәтте ел ішінде бірлік пен ынтымақты қамтамасыз ете алатын жаңа заң жүйесі қажет болды. Сол себепті Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың ұстанған жолын негізге алып, жаңа заң жүйесін жарыққа шығарды.

Жеті жарғының ерекшеліктері:

1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылған.

2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын..

5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Сайлауға қару асынып келу міндеттелген

"Жеті жарғы" заңдар жинағы негізінде қазақтың тайпа, ру басылары жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілген. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруі міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Кез келген қылмыстың құны төрт түлік малмен төленген.

Бұл кездегі жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Өлген адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген, ақсүйек болса, құн мөлшері жеті есеге дейін өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген.

"Сұлтан" немесе "қожаға»"тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болған.

Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз "Жеті жарғыға" сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген. 

"Жеті жарғыда" қылмыстық іс пен құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмысқа кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу, т.б жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта "қанға қан" заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас атып өлтіру. Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар да өлім жазасына кесілген.

Қылмыстық істерді билер соты қараған. 

Егер билер соты барысында екі жақ келіссе, өлім жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік берілген. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмесе, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда; жұбайлар арасындағы "көзге шөп салушылық" дәлелденген жағдайда; "Құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда". Ал, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен.

Қай заманда болмасын, ұлы дала заңдарының қоғам ішінде әділдік орнатудағы ролі айрықша болған. Сондықтан да болар, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" мен Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" - қазақ заң жүйесінің негізін қалаған ережелер жинағы болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет