Мұғалім—жаңалық жаршысы
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады. Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. 7-модулді сабақта әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігі, сабаққа көңілді қатысуы,қызығушылықтары оянады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..
1 модуль. Дилогты оқыту арқылы жүзеге асады.
«Диалог» сөзі гр. тілінен аударғанда екі кісінің тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз. Мерсер мен Литолтон (2007) диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді.
2 модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжрибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
3 модуль.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзіндік дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Жаңа технология бойынша оқушылар өз білімдеріне сыни қарап, білімдерінің қай деңгейде екенін бақылауда өзін -өзі бағалауға үйренеді.
4 модуль.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. (мұғалімге арналған нұсқаулық, 61 бет).
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге өзін тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім- қоғам айнасы.
АКТ-ны игеріп пайдалану, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Мектептегі сандық технологияларға мыналар жатады:
-теледидар бағдарламалары
-сандық теледидар
-ғаламтор
-ұялы телефон
-ұтқыр қондырғылар
-компьютер, ноутбук
Сандық сауаттылық-бұл сандық технологияны пайдалана отырып ақпараттың орналасқан жерін анықтау. Ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті.
Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалан білуін, сыни тұрғыдан ойлауын,әлеуметтік хабардарлығын,оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. (ТПМБ-70 бет)
5 модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарындылық – өмір сүру барысында жүйелі дамитын психика сапасы. Басқа адамдармен салыстырғанда бір не бірнеше іс-әрекет түрлерінен ерекше жетістікке жету мүмкіндігін анқытайды. Дарынды адам ақыл-ойымен ғана дарынды емес, сонымен бірге оның жан дүниесі дарынды. Ол адамның мінезі де,қоршаған әлемді қабылдауы да өзгеше. Адамдармен қарым–қатынасы да өзгеше,өзгеше еңбектенеді.
Еліміздің маңдайына жазып берген дарынды жоғалтпай,жұлдызын сөндіріп алмай уақтылы танып, дамытып,құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай қылу — әр біреуіміздің міндетіміз.
6 модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
Күнделікті сабақ өту барысында деңгейлік ерекшеліктері әртүрлі оқушыларды бір топқа бөлу қарастырылады және осы оқушылар үшін деңгейлік сұрақтар дайындалады. Оқушыларды мұндай тәсіл арқылы топтастыру оқушылардың когнитивтік дамуына байланысты жүргізіледі. Когнитивтік даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ, бұл оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру негізі болып табылады. Оқытудың мұндай түрі оқушылардың зейінін тұрақтандыруға және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға негізделеді
7 модуль.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Оқытудағы басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар: білу және түсіну уақыт өткен сайын дамиды. Оқытуды басқару мен көшбасшылыққа кіретін іс-әрекеттер тек, егер олар құндылықтарды нақты анықтауға негізделсе және кәсіби мақсаттарды көздесе ғана табысқа ие болады
Ол үшін мынадай мақсаттар қою шарт:
Мен … жақсартқым келер еді.
Мен … жаңа тәсілін әрі қарай дамытқым келеді.
… үшін мен стратегиялар жасар едім
Мен біздің … тәсілді өзгертер едім.
Яғни, соңғы модуль мұғалімнің жұмысын дамытуға бағытталған. Дамыту жұмысының мақсаты:
«Ақылдың алты қалпағы»
Нәтижесі: Әр оқушы ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дағдыланады; бірін-бірі үйретуге машық-танады; әр түрлі көзқарастарды салыстырады, сынай алады; басқалардың пікірлерін құрметтеуге, бағалауға үйренеді; ойлау, болжау, қиялдау қабілеттері артады; өзін-өзі ынталандыра алады; білім алуға деген ұмтылыс пен қызығушылықтары ашылады; білімдерін тереңдетеді және шоғырландырады.
II. Мағынаны тану.
«Блум таксономиясы» бойынша тақырыпқа сәйкес алты түрлі сұрақ алдын-ала дайындалып, таратылады. /Оқушылар дайындалуға 7-8 минут уақыт беріледі/ Оқушылар сол сұрақтар бойынша оқулықтан және ізденгендері бойынша бар білгендерін айтып, бірін-бірі толықтырып, топтасып жұмыс жасайды.Ал мұғалім тек бағыт беріп отырады.
Сабақ «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жүргізіледі.Қалпақ орнына түрлі-түсті галстуктер алынады.Әрбір түстің өзіндік білдіретін көзқарасы бар.
Білу/ақ галстук/: Тақырып бойынша негізгі статистикалық мәліметтерді сызбаға түсіру. Тақырыпқа сәйкес негізгі фактілер бойынша сөйлейді. Оқулықтан түсінгендерін қысқаша баяндайды.Тапсырма орындау кезінде автор орындығын пайдаланады.
Түсіну/сары галстук/ : Қазақ халқының өзге ұлттармен достығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі,бауырмалдылығы туралы айту. Өз ойларынан мысалдар келтіреді. Мысалы: Қытайдан көшіп келіп жатқан оралмандарды үй беріп,жұмыс беріп,барлық жағдайын жасап қарсы алу.Ал біздің қазақтардың жағдайын басқа ел жасай ала ма, қалай ойлайсыздар?
Қолдану/қызыл галстук/ : Қазақ халқын басқа ел халықтарымен салыстыру. Мысалы: Біздің ауылда татар ұлты тұрады.Харисовтар отбасы.Бұл отбасын ауыл тұрғындары еш кемсіткен емес.Бір туғандай болып кетті.Олардың қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі болмағанымен, елу пайызын сақтайтынына сенімдіміз.Өйткені олар қазақ елінде тұрады./Осы тұста қазақ пен татар елінің ұқсастықтары мен айырмашылығын көрсету үшін Венн диаграммасы қолданылады.Демек,қазақтардың пейілінің кеңдігі. бауырмалдылығы осы жерде анық байқалады.т.б
Талдау/қара галстук/ : Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері тату тұрады.Дегенмен кейде ұлттар арасында келеңсіз жағдайлар туындайды.Мысалы: Сарағашта болған оқиға. Бұл неден болуы мүмкін? деген сұрақ тасталады.Оқушылар өз пікірін қосып,білгендерін айтып,талдайды.
Жинақтау /жасыл галстук/: Қазақтың ұлттық белгілері туралы айту.Қазақтың ұлттық тағамдары,ұлттық киім үлгілері туралы айтады. Егер мен дизайнер болсам, болашақта киім үлгілерін былайша тігер едім...
Бағалау/көк галстук/ барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.
«Қазақстандағы барлық халықтар ұлтының өзгешелігіне қарамай қазақша сөйлесе екен!» немесе «Мен қазақ болып туғаныма қуанамын.»Үндеу хат немесе эссе жазу.
III.Рефлексия. Осылайша оқушылар арнайы сұрақтардың жауаптары төңірегінде ой бөлісіп,бірінің білмегенін бірі толықтырып,сабаққа қаншалықты қатысқандарын байқатады.Әр тапсырма орындалған сайын оқушылар ынталандырылып, «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.Балалар өз ойларын айтып,жауап беру сәтінде «Автор орындығын» пайдаланады.Жүрекшеге тілектер жазып, сабақты қорытындылайды. Сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы көрсетеді. Бағалау парағы арқылы топ жетекшілері және мұғалім бағасы шығарылады.
«Дананың кілттері»
Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.
Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
«Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
«Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
«Жөнсіздік» кілті – орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз
Ойлау бутерброды
Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.
Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз!
1-қадам
Дайындалыңыз.
Мыналарға уақыт бөліңіз:
Санаңызды таза ұстаңыз.
Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.
Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.
Жаңа тапсырмаға кірісіңіз.
2-қадам
Мыналармен байланыс орнатыңыз:
Өзіңіз білетін басқа заттармен;
Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;
Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.
3-қадам
Өзіңізден сұраңыз:
Не жақсы шықты?
Не қиындық тудырды?
Нені жақсартуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |