Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер


практикалық сабақтың тақырыбы



бет18/18
Дата03.04.2022
өлшемі38,96 Kb.
#137763
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
1 оку

2 практикалық сабақтың тақырыбы: Интерактивті оқыту
Тапсырмалар:
1. Интерактивті оқыту ұғымы
2. Интерактивті оқытудың мақсат, міндеттері

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзінен шыққан.


Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушылар білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:

  • дайын білімді қабылдап алу

  • зерттеу барысында жаңалық ашу

  • әр түрлі жағдайда әсерді сезіну

  • синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.

Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әртүрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет