«Цифрлық сауаттылық платформасын қолдану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру» жобасы барысында пән мұғалімдері төмендегідей жұмыстар атқарды.
Ақмолдаева Кұндыз Узақбаевна математика пәнінің мұғалімі, «Цифрлық платформаларын білім алушылардың білім сапасын арттыру»мақсатында 7 «Б»,9 «Б» , 10 «Б», 11 «А» сыныптарында сабақтың басында «Wordwall» платформасы сабақтың соңында «Padlet» тақтасы платформалары арқылы оқушылардан кері байланыс алынып отырды . 9 –шы сыныптардан «Гугл диск» арқылы тест жұмысы алынды.
Ескендирова КБ- "Цифрлық платформаларын білім алушылардың білім сапасын арттыру" мақсатында қолдану жобасы бойынша мен 10"А" сыныбында алгебра сабағы барысында " Тригонометриялық функция графиктерін түрлендіру " тақырыптарын түсіндіру және есеп шығару барысында " Geogebra" платформасын қолдану арқылы sin, cos, tg, ctg , arcsin, arccos, arctg, arcctg функцияларының графиктерін түрлендірулеріне пайдаланды. Физика- 7 сыныпта " Ecsel" арқылы механикалық қозғалыс графигін тұрғызу және талдауды білім алушыларға үйретті. Болашақта цифрлық платформалар арқылы тест алуды жоспарлап отыр.
Қ.Жұмабек «Цифрлық платформаларын білім алушылардың білім сапасын арттыру» мақсатында 8 «А,Б» 9 «А,Б» сыныптарында «Wordwall» платформасы үй тапсырмасын тексеруде қолданса сабақ соңында «Storyjumber» платформалары арқылы оқушылардан тест жұмысы алынып сабақ қортындыланып отырды .
Бәйтікбай Б - "Цифрлық платформаларын білім алушылардың білім сапасын арттыру" мақсатында қолдану жобасы бойынша 9 «А» сыныбымен алгебра сабағында «Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу» тақырыбында «Kahoot!» платформасын қолдандым, есеп шығару сабағы болғандықтан оқушыларға 10 есеп ұсынылып, әр есепке платформаның ережесі бойынша уақыт беріп, оқушыларды бағыттады.
Мектепшілік жоспар бойынша пән олимпиадасына пән мұғалімдері дарынды оқушыларды белсене қатыстырды.
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында Математика пәні мұғалімі Акмолдаева Құндыз Ұзақбаевна болашақта «Ірі қара мал кәсібін дамыту математикасы» тақырыбында 10 сынып оқушысы Ибраева Аружан қатыстырады.
Физика пәні мұғалімі Қалима Жұмабек «Изопроцестерге термодинамиканың бірінші заңын қолдануға арналған сапалық және есептеу есептерін шешу.Изопроцестердің тәуелділік графиктерін компьютерлік модельдеу» тақырыбы бойынша 11А сынып оқушысы Қайратұлы Дарханмен ғылыми жүмысын аяқтап,қотындылады.
Достарыңызбен бөлісу: |