«Математика, Физика, Информатика» пән бірлестігінің отырыс хаттамасы



Дата10.11.2023
өлшемі13,17 Kb.
#190676
Байланысты:
Хаттама МИФ №1
Жаңа Қазақстандық патриотизм, 234932 (1)

Хаттама №1
29.08.2023 жыл.

«Математика, Физика, Информатика» пән бірлестігінің отырыс хаттамасы


Қатысқаны: 6


Қатыспағаны:


Күн тәртібіндегі мәселелер:

№1. 2023 – 2024 оқу жылына пән бірлестік жетекшісін сайлау.


№2. Бірлестік хатшысын сайлау.
№3. Пән бірлестігіндегі үйірме бөлінісін таңдау.
№4. 2023 – 2024 оқу жылындағы пәндік өзгерістер.


Сөз алғандар:
С.Абдикаримова – математика және физика пәнінің мұғалімі. Менің №1, №2 мәселелер бойынша ұсынысым 14 жылдық тәжірибесі бар, педагог зерттеуші, математика пәнінің мұғалімі Қ.Сатыбалдиевті бірлестік жетекшісі ретінде ұсынып, хатшылыққа Қ.Қаратүпованы ұсынамын.
А.Жумабаева – физика пәнінің мұғалімі. Менің ұсынысым Қ.Сатыбалдиевті бірлестік жетекшісі ретінде ұсынамын, қолдаймын. Үйірмелердің бөлінісі ретінде «Пифагор» 8-11 сыныптары үшін Қ.Сатыбалдиев, «Эвклид» 5-7 сыныптары үшін С.Абдикаримова, «Алгоритм» 5-11 сыныптары үшін Қ.Қаратүпова, «Жас физик» 7-11 сыныптары үшін Қ.Боранбаева, осы әріптестерімді ұсынамын.
А.Абдикаримов – математика пәнінің мұғалімі. Бірауыздан жетекші мен хатшы ретінде Қадірхан мен Қарлығаны бекітейік. Мен қолдап дауыс беремін. Үйірме бөлінісіне бөлінген әріптестер жыл бойғы атқарылатын жұмысты жүйелеп пәндік білімдерін күшейтіп, қызықты жұмыстар жасайды деп сенім білдіремін.
Қ.Боранбаева – информатика және физика пәнінің мұғалімі. 2023 – 2024 оқу жылыында аса қатты өзгерістер жоқ, пән мұғалімдеріне аттестациялауға қатысты өзгерістер болып жатыр. Педагог, педагог-сарапшы, педагог-модераторлар өз пәнінен тест тапсырады. Педагог-зерттеуші, педагог-шеберлер тесттен босатылады. 30 жылдан асқан еңбек өтілі бар ұстаз тесттен босатылады.


Қаулы:

  1. Пән бірлестігінің жетекшісі Қ.Сатыбалдиев және бірлестік хатшысы Қ.Қаратүпова болып бекітілсін.

  2. «Пифагор» үйірмесінің жетекшісі Қ.Сатыбалдиев, «Алгоритм» үйірмесінің жетекшісі Қ.Қаратүпова, «Эвклид» үйірмесінің жетекшісі С.Абдикаримова, «Жас физик» үйірмесінің жетекшісі Қ.Боранбаева болып бекітілсін.

Бірлестік жетекшісі: Қ.Сатыбалдиев


Хатшы: Қ.Қаратүпова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет