6. Жеткіншектердің оқу әрекеті Жеткіншектің оқуға көзқарасы алдымен мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Әрбір жаңа пән жеткіншектің ынтасын туғызады. Осы ынтаны сақтап , дамыту мұғалімнің қолында . Бұл кезде оқудың жаңа мотивтері шығады . Өз-өзіне көңілі толмауы, және ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің қайнар көзі .Сонымен оқу –іс әрекетін дұрыс ұйымдастыруына, оқу процесі тиісті дәрежеде жүргізілмесе жеткіншектердің оқу үлгерімі төмендейді.Бір мұғалімнің орнына бес- алты мұғалімнің келуі де әсер етеді.Оқу дген ұғымның мазмұны жеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу бағдарламасының шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге асады.