Жеткіншек жас психологиясы Жоспары: Жеткіншектік жасқа өтудің психологиялық алғы шарттары Жеткіншектік жастағы негізгі жаңа құрылымдар


Жеткіншектік жастағы негізгі жаңа құрылымдар



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі37,32 Kb.
#159086
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жеткіншек жас психологиясы
Индира Өзекті мәселелер, sor.-aza-debiet-2-synyp., 10SYNYPBJB A 1170 YLShYN ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB, Ëåêöèÿ 2-3 Îðòà ìåêòåïòå ìåõàíèêàíû î ûòó ä³ñòåìåñ³. Ìåõàíèêàíû, winter-esl-answers, stud.kz-78421, stud.kz-78421
2.Жеткіншектік жастағы негізгі жаңа құрылымдар

Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің , мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынсақа арқау болатын моральдық-этикалық нормалармазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.


Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендериен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады., бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі біір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің» қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ерсектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар: 1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы. 2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жағынан сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде баллардың дербестікке ерте жетуі, жолодастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар, өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қатар оқу матералының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана,басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез – құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып – жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым - қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. алайда балалығы қаз – қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды прцестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте – мөте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез – құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін. Кіші жастағы мектеп оқушысымен салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі оның балалықтан арыла бастағанын көрсетеді. Бұл жаңаның өзі болашаққа бағдарланған, нақ осыған сүйену қажет.
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпен деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Ересектік сезімі баланы өзіне тең ұстайтын неғұрлым ересек жолдастарымен қарым – қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті өзгерістерді бөліп көрсетеді.
Ересектік сезімі сана – сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірілік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективтік ықпалдардың жүйесіанықтайды.

3. Жеткіншектік жастағы жетекші іс-әрекет мәселесі


Жеткіншектің ересектерге теңелмектігі оларға сырттай ұқсауға, олардың өмірі мен іс - әрекетінің кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері мен іскерліктеріне, праволары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан, осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінетіндеріне жетуге ұмтылуынан көрінеді.
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең праволы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Бүл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс - әрекетке, ересектердің мінез – құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым – қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез – құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері. Балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талаптарда, шектеулерде олардың ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең правосыздығы мен тәуелді жағдайы бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет