3.
Таралу аймағы бойынша
Республикалық
Бүкіл ел көлемінде таралады.
Жергілікті
Тек белгілі бір аймақта немес жапсарлас өңірлерде таралады.
4.
Меншік түрі бойынша
Жекеменшік
Бизнес-құрылымдарға
қатысты басылымдар, солардың көзқарасын ұстанады.
Мемлекеттік
Құрылтайшыларының құрамына билік органдары кіреді, ішінара немесе
толығынан мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Бұқаралық ақпарат негізінен алғанда, журналистика және оның
инфрақұрылымдары, атап айтқанда БАҚ, жұртшылықпен байланыс
қызметтері, жарнама және ақпарат агенттіктері арқылы таратылады. Сонымен,
журналистика дегеніміз, біріншіден, газет-журнал редакцияларынан, кітап
баспаларынан, телерадиокомпаниялар жиынтығынан тұратын қоғамның
ерекше әлеуметтік институты болып табылады. Бұл институттың қызметі, яғни
басылымдарды, теледидар және радио хабарларын көпшілік аудиторияға
дайындап,
тарату
журналистиканың
техникалық,
ақпараттық,
ұйымдастырушылық-басқарушылық инфрақұрылымы арқылы қамтамасыз
етіледі. Бұл инфрақұрылымға сондай-ақ журналистикалық білім ордалары
және ғылыми орталықтар да кіреді. Екіншіден, журналистика - осы қоғамдық
институттың тіршілік етуіне қажетті маңызды әлеуметтік ақпаратты жинақтап,
өңдеуге және таратуға мүмкіндік беретін қызмет түрі болып табылады.
Үшіншіден, ол-журналистік қызметті жүзеге асыратын, редактордан
корректорға,
телережиссерден
видеоинженерге
дейінгі
мамандықтар
жиынтығы. Төртіншіден, ол - журналистер өмірге әкелетін туындылар жүйесі.
Бесіншіден - бұқаралақ ақпаратты тарататын арналар кешені, яғни баспасөз,
радио, теледидар, Интернет. Журналистика туралы сөз қозғағанда, БАҚ
(бұқаралық ақпарат құралдары), БКК (бұқаралық коммуникация құралдары),
баспасөз, пресса, масс-медиа деген ұғымдар қолданылады.
Бұқаралық аудиторияға үн қатуы, алдына танымдық-тәрбиелік мақсаттар
қойып, бір мезетте жедел таралуы, белгілі мерзімде шығып тұруы арқылы
журналистика қоғамда аса маңызды рөл атқарады. Оны төртінші билік
(атқарушы, заң шығарушы және сот билігінен кейінгі) деп бекер айтып жүрген
жоқ. Себебі журналистика өз жарияланымдары арқылы өзге әлеуметтік
институттарға ғана емес, сондай-ақ электораттың көңіл күйіне де әсер ете
алады, сөйтіп, биліктің алғашқы екі тармағының сайланбалы органдарының
құрамын жасақтауға ықпал жасайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының қазіргі таңдағы тенденциясы-
ақпараттық қоғамға бетбұрыс болып табылады. Әлемдік журналистика жаңа
сапалық деңгейге-цифрлық теледидар бағдарламалары мен баспасөз өнімдерін
өндіруге көшті. Қазақстан журналистикасы да интерактивті теледидар
стандарттарын қолдануға қам жасау үстінде, көптеген газеттердің
редакциялары өз басылымдарының электронды нұсқаларын виртуалды
кеңістікке шығарып үлгірді.