Республикасы Парламентінің баспасөз хатшысы ретінде Қазақстан
Республикасының екі палаталы жаңа парламентінің алғашқы спикерлерінің:
Сенат төрағасы Ө.Байгелдінің (1996 жылғы 1 ақпан), Мәжіліс төрағасы
М.Т.Оспановтың (1996 жылғы 2 ақпан) сайланғаннан кейінгі тұңғыш баспасөз
мәслихаттарын өткізді.
Баспасөз қызметі Конституциялық Сот төрағасы М.Баймаханов және
Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы А.Ким лауазымдарына отырысымен
олардың алғашқы баспасөз мәслихаттарын өткізді. Бұларды осы аталған
мемлекеттік органдар баспасөз қызметі тарихының бастаулары ретінде
қарастыруға болады.
Баспасөз қызметі Парламенттің халықаралық қарым-қатынастарына да қызу
араласты. Қазақстандық депутаттардың парламентаралық байланыстарын,
олардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмысына қатысуын,
Парламент төрағалары мен олардың орынбасарларының ресми сапарларын,
сондай-ақ халықаралық парламентаралық делегацияларының Қазақстанға
келуін, заң шығару және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша
халықаралық түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларды кеңінен жазып,
көрсетті. Мәселен, 1993 жылы баспасөз қызметі Еуропа Кеңесі Парламенттік
Ассамблеясы делегациясының Алматыдағы баспасөз конференциясын
ұйымдастырып, өткізді.
Баспасөз қызметі мемлекеттік деңгейдегі жауапты тапсырмаларды
абыроймен орындап жүрді. 1991 жылы Қазақстанның Қарабақ мәселелерін
шешуге арағайын ретінде атсалысуды, 1992 жылы Мемлекеттік рәміздердің ең
үздік жобасы үшін байқау ұйымдастыруды, 1993 жылы дүние жүзі
қазақтарының құрылтайын ұймдастыруға қатысуды және бұқаралық ақпарат
құралдарында жазып көрсетуді атауға болады. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың 1991 жылғы 10 желтоқсандағы иннаугурациясын
және 1992 жылғы 6 маусымдағы егемен Қазақстанның жаңа Мемлекеттік
рәміздерінің ресми таныстырылу салтанатын баспасөз қызметі жазып,
көрсетуді жоғары деңгейде атқара білді. Мұндай мәртебелі міндеттерді жүзеге
асырудың сеніп тапсырылуы жаңа қоғамдық институт-баспасөз қызметінің
кәсіби және азаматтық шеберлігі қалыптасқанына айғақ болады. Сол кездегі
Парламенттің баспасөзбен берік те баянды баланыстарын қалыптастыруға
Еркін Зікібаев, Ольга Бабий, Серікқали Байменшин мен Серік Қаражанов
сияқты майталман журналистер көп еңбек сіңірді.
Жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдары еліміздің өзге де ресми баспасөз
қызметтері өмірге келген және қалыптасқан кезең болып табылады. Солардың
ішінде Әміржан Қосанов басқарған Үкіметтің баспасөз қызметін айырықша
атап көрсетуге болады. Жариялылық пен демократияның осынау маңызды
институты ел аймақтарында да жедел өркендеп, дамыды. Қазіргі таңда
министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің, олардың
құрылымдарының барлығының өзіндік баспасөз бөлімдері бар. Бұлар жедел де
айқын ақпараттың сенімді көздері болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: