Жетпісбай бекболатұЛЫ


 Баспасөзбен қызметі пайда болуының қысқаша тарихы



Pdf көрінісі
бет6/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

    1.2.  Баспасөзбен қызметі пайда болуының қысқаша тарихы
 
     
Баспасөз қызметі сияқты бірегей институттың қалыптасып, өркендеуі қазіргі 
заманғы  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  өміріндегі  елеулі  оқиға 
болып табылады. Мұның өзі жариялылық пен демократияның маңызды белгісі 
ретінде    мемлекет  пен  қоғамды  ақпараттық  қамтамасыз  етуде  жетекші  рөл 


атқарып  отырған  баспасөз  қызметінің  қаз  тұрып,  даму  тарихын  ой  елегінен 
өткізуді талап етеді. 
 
     Зерттеушілер  баспасөз  қызметі  қоғамдық  институт  ретінде  АҚШ-та  он 
тоғызыншы  ғасырдың  алғашқы  жартысында    қалыптасты,  деген  пікірге 
тоқайласады.  Бұл  кезең  Америка  Құрама  Штаттарындағы  «жұртшылықпен 
жақындасу»  немесе  «паблисити»  дәуірі,  баспасөз  агенттіктері  заманы 
саналады.  Ірі  қалалардың  пайда  болуы,    халықтың  шаһарларға  шоғырлануы, 
сауаттылықтың  артуы  газеттердің  оқырман  аудиториясын  ұлғайтты.  Баспасөз 
қызметтері,  сондай-ақ  жұртшылықпен  байланыс  бөлімдері  ашылып,    алуан 
түрлі  салаларға  дендеп  ене  бастады.  Осы  он  тоғызыншы  ғасырдың  30-шы 
жылдары  бірқатар  зерттеушілер  алғашқы  кәсіби  баспасөз  хатшысы  деп  атап 
жүрген  Амос  Кендалл  тарих  сахнасына  көтерілді.  Американың  алтыншы 
президенті Эндрю Джексон журналистер қауымының қызметіне жиі жүгінгені 
белгілі.  А.Кендалл  президент  Джексонның  көмекшісі  лауазымын  иеленген 
бұрынғы газет репортері болатын. А.Кендалл президенттің сөйлейтін сөздерін 
жазып,  көпшілікпен  қарым-қатынас  мәселері  бойынша  кеңес  берген,  тіпті 
нақты саясатқа да араласқан. Ол тарихта сондай-ақ Ақ үйдің өз газетін ашып, 
шығаруымен қалған.  
 
     АҚШ-тағы  азамат  соғысы  (1861-1865  жылдар),  сондай-ақ  Кубамен  соғыс 
баспасөзбен  жұмысты  жандандырып,  оны  жүргізудің  әдістері  мен  тәсілдерін 
жетілдіруге ықпал етті. Американың мемлекеттік органдарында ХІХ ғасырдың 
соңын ала баспасөзбен жұмыс істейтін бөлімшелер құрылып, үкімет жұмысын 
көрсетуге  тиісті  журналистер  ресми  баяндамалар  жазуға  және  баспасөз 
баяндарын құрастыруға машықтандырыла бастаған. Бұл дәстүр кейін жалғасын 
тауып,  «Белл  телефон  компани»  фирмасы  1900  жылдардың  басында  өзіне 
тиімсіз  заңнамаға  қарсы  бағытталған  газет  материалдарының  топтамасын 
ұйымдастыру  науқанын  өткізген.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде 
президент Вудро Вильсон әкімшілігі жанында кәсіби газетші Джордж Крилдің 
ұсынысы бойынша насихаттық комитет  (тарихқа «Крил комитеті» деген атпен 
енген) құрылған.Бұл комитетке бүгінде тарихи тұлғаларға айналған   Айви Ли 
мен Эдвард Бернейз жұмысқа тартылған. 
 
     Мамандығы  журналист  А.Ли  1914  жылы  Джон  (үлкен)  Рокфеллердің 
баспасөз  хатшысы  болған.  Сол  кезеңде  бизнес  пен  кәсіподақтардың,  қаржы-
саясат  олигархиясының  және  солшыл  либерал  зиялылардың  қарым-
қатынастары  ушығып  тұр  еді.  А.Ли  газет  жарияланымдарының,  фотосуреттер 
мен  кинороликтердің  көмегімен  өз  басшысының  қайырымдылықтан  қаржы 
аямайтын  үлкен  әулет  иесі  ретіндегі  бейнесін  жасаған.  Либералдық 
ұстанымдарға  берік  А.Ли  жекеменшік  кәсіпкерліктің  жақтаушысы  болатын, 
бірақ солшыл көзқарастағы өзге әріптестерінен бір өзгешелігі - ол жұртшылық 
алдында  «үлкен  бизнестің»  жағымды  имиджін  жасауға  ұмтылды.  Мәселен, 
Джон  Рокфеллерге  баспасөз  атташесі  болып  келерден  көп  бұрын  А.Ли  көмір 
компаниясы  басшылығы  жанындағы  жұртшылықпен  байланыс  маманының 
атқарымдарын  орындады.  Ереуіл  алдындағы  ахуалда  ол  газетшілерді 
жанжалды шынайы көрсетуге, жұртшылықты кәсіподақтарға, сондай-ақ жұмыс 
берушілерге  объективті  көзқарас  танытуға  үндеді,  сөйтіп,  шиеленістің 


ширығуын  бәсеңдетуге  тырысты.    А.Ли  газет  редакцияларына  жөнелткен 
«Принциптер  туралы  декларацияда»:  «шынайылығын  өзім  қосыла  тексеруге 
қуана-қуана  келісетін  материалдарды  ғана  жөнелтемін»  делінген  болатын. 
Шамамен  осы  тұста  А.Ли  темір  жол  фирмаларының  паблиситиімен,  яғни 
жағымды бейнесін жасаумен айналысты. 
 
    1904  жылы  екі  американ  жоғары  оқу  орынында  -  Пенсильвания  және 
Висконсин  университеттерінде  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  бюролар 
құрылды.  Бұл  кезеңде  АҚШ  Ақпарат  агенттігі-қоғамдық  ақпарат  комитеті 
жұртшылықты  иландырудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолданған  ғылым  мен 
тәжірибенің  жаңа  буын  өкілдеріне    қолдау  көрсетті.  Жас  мамандар  арасынан 
австриялық  көрнекті  психолог  З.Фрейдтің  жиені,  зерттеуші  әрі  практик 
Э.Бернейзді атап өтуге болады. Әлеуметтік-психологиялық әдістерді қоғаммен 
байланыста  қолдану  идеясы  нақ осы Э.Бернейзге  тиесілі.  Міне,  сондықтан  да 
жұртшылықпен  қарым-қатынастың    әлеуметтік  қызметтің  дербес  түрі  ретінде 
өз  алдына  жеке  отау  тігуі  Бернейздің  есімімен  байланыстырылады.  А.Ли 
сияқты  Э.Бернейз  де  коммуникация  нәтижесінде  қалыптастырылып,  қол 
жеткізілген жұртшылық көзқарасы кез келген ұйымның қызметі үшін маңызды 
екендігін  атап  көрсетті.  1919  жылы  Бернейз  танымдылықты  басқару  жөнінде 
фирма құрды.
 
     Бірінші 
дүниежүзілік  соғыстан  кейін  әлеуметтік  коммуникативтік 
технологияларды  талдайтын  туындылар  дүниеге  келді.  1923  жылы  Э.Бернейз 
жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  алғашқы  кітаптардың  бірі  –  «Қоғамдық 
пікірдің  қалыптасуы»  атты  еңбегін  жарыққа  шығарды.  Осы  жылы  А.Лидің 
«Паблисити» атты кітабы шықты, мұның алдында американ социологиясының 
классигі  Уолтер  Липпманның  «Қоғамдық  пікір»  атты  кітабы  өмірге  келген 
болатын.  У.Липпман  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдық  пікірді 
қалыптастырудағы  рөлін  бағалап,  билік  пен  корпорациялардың    қоғамдық 
пікірмен  санасуы  қажеттігін  атап  көрсетті.  Ғалымдар  мен  практиктердің  іс-
әрекеттері  өз  жемісін  берді.  1927  жылы  «Американ  телефон  энд  телеграф» 
фирмасының  вице-президенті,  В.Вильсонның  бұрынғы  кеңесшісі,  белгілі 
маман  Артур  Пейдж  корпорациялардың  әлеуметтік  жауапкершілігі  артқанын 
атап өткен.
 
     Жиырмасыншы  ғасырдың  екінші  жартысында  халықаралық  жұртшылықты 
Америка  Құрама  Штаттарының  жетістіктері  жөнінде  ұдайы  хабардар  ету, 
сондай-ақ  америкалық  өмір  салтын  насихаттау  мақсатымен  АҚШ  Ақпарат 
агенттігі (USIA) құрылды. Тәуелсіз сыртқы саяси ұйым болып табылғанымен, 
АҚШ президентіне тікелей бағынатын бұл ақпарат органын әлемде «Ғаламдық 
баспасөз қызметі» деп атайды.  
 
      Германиядағы  баспасөз  қызметінің  пайда  болуы  тарихы  тереңде.  Сонау 
1816  жылдың  өзінде    Пруссия  королі  Август  фон  Хандербергтің  сарайында 
газет  мақалаларына  шолу  жасап,  түсініктеме  беретін  әдеби  бюро  жұмыс 
істеген.  Баспасөзді  мемлекет  мүдделеріне  пайдалану  үрдісі  кейіннен  неміс 
мемлекеттігі отау тікен соң да жалғасын тапқан. ХІХ ғасырдың орта тұсында 
билік құрған Пруссия королі Вильгельм IV әдеби кабинет құрған, кейіннен ол 
журналистік  іс  орталық  мекемесі  немесе  король  мемлекеттік  министрлігінің 


әдеби  бюросы  деп  аталған.  Шынтуайтына  келгенде  баспасөз  бюросы  болып 
табылған  оған  баспасөзді  басқару  міндеті  жүктеліп,  журналистердің  ой-
пікірлері  билік  тұжырымдарынан  алыс  қонбауын  қадағалап  отыру 
тапсырылған. Вильгельм I неміс императоры болып жарияланған тұстан шетел 
істерінің баспасөз бөлімі (1871 жыл) құрылады. Осы бөлімді 22 жыл басқарған 
Отто  Харман  есімі  шығармашыл  жандармен  тіл  табыса  алған  талантты  тұлға 
ретінде  тарихқа  енген.  Ол  өз  төңірегіне  билікке  оң  көзімен  қараған  бір  топ 
журналисті  (қазіргі  ұғымға  сәйкес    журналистік  пул  деп  аталады)  жинаған. 
Жалпы,  неміс  мемлекеті  император  және  оның  сарайы  төңірегінде,  елдегі 
оқиғалар жайлы жарияланған ақпаратқа өте мұқият қараған. 
 
    Зерттеушілер  сондай-ақ  Германияның  мемлекеттік  хатшысы,  1897  жылы 
әскери-теңіз флотының ақпараттық бюросын құрған Альфред фон Тирпитцтің 
есімін ерекше атайды. Тирпицтің күш-жігері арқасында әскери-теңіз флотының 
жағымды  бейнесі  жасалып,  оның  нәтижесінде  Германияның  басқыншылық 
соғыстарын  ел    халқы  кеңінен  қолдаған.  Ал,  еркін  ой-пікірге,  баспасөз 
бостандығына тиым салынған Адольф Гитлер билігі тұсында кәсіби тұрғыдағы 
баспасөз  қызметі  жөнінде  сөз  қозғау  мүмкін  емес  еді.  Бұл  кезеңде  халық 
санасын  улаумен,  қолайлы  бағытта  өңдеумен  айналысқан  насихаттық 
бөлімшелердің бағы жанған-ды. 
 
     Ұлыбритания  үкіметі  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезеңінде  қоғаммен 
байланыс  жұмысын  жандандыра  білді.  1918  жылдан  бастап  Король  жанынан 
баспасөз  хатшысы  қызметі  ашылды.  Кейіннен  министрліктерде  баспасөзбен 
жұмыс  істейтін  өкілдер  пайда  болды.  1933  жылы  Британияның  Пошта 
қызметінде  PR-бөлім  құрылып,  алғашқы  жылдары  ол  баспасөз  қызметінінң 
атқарымдарын,  ақпараттық  функцияларды  орындайды.  Екінші  дүниежүзілік 
соғыс 
қарсаңында 
журналистермен 
жұмыс 
істейтін 
бөлімшелер 
Ұлыбританияның  көптеген  мемлекеттік  мекемелерінде,  қарулы  күштер 
басшылығында құрылды. 
 
     Баспасөз  қызметтері  Еуропаның  өзге  елдерінде  Екінші  дүниежүзілік 
соғыстан  кейінгі  кезеңде  құрыла  бастады.    Баспасөзбен,  ауқымдырақ  алғанда  
жұртшылықпен  қарым-қатынастың  Батыста  (алдымен  АҚШ-та,  кейіннен 
Еуропада) қоғамдық өмірдің дербес саласы ретінде қалыптасуының шоқтықты 
кезеңі постиндустриялық қоғамның іргесі қаланған 1960 жылдармен тұспа-тұс 
келеді. 1970 жылдары жұртшылықпен байланыс дербес мамандық, ал баспасөз 
қызметінің  теориясы  мен  тәжірибесі  бөлек    пән  ретінде  университеттер  мен 
колледждердің  оқу  бағдарламаларына  енді,  бұл    қызметтер  мемлекеттік 
мемкемелерде, фирмалар мен компанияларда, үкіметтік емес ұйымдарда пайда 
болды.  Баспасөз  хатшылары  бар  жекелеген  «жұлдыздар»  өнер  аспанында 
көріне бастады.   
 
       Ал,  Қазақстан,  Ресей  және  басқа  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  кіретін 
посткеңесітк  кеңістікте  билік  органдарында,  коммерциялық  құрылымдарда 
1990 жылдары баспасөзбен жұмыс жолға қойылды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет