1. IPRA мүшесі өзінің кәсіби қызметін қоғамның мүдделеріне сәйкес және жеке
адамның абырой-беделіне деген толық құрметпен жүзеге асыруға тиіс.
2. IPRA мүшесі БАҚ абырой-беделіне нұқсан келтіретін бағыттағы ешқандай
қызметпен айналыспауға тиіс.
3. IPRA мүшесі кез келген жағдайда өзі жұмыс істейтін ұйым туралы жан-жақты
әрі шынайы ақпарат беруге тиіс.
4. IPRA мүшесі қандай да бір жария етілген мақсатқа, бірақ анығында өзге
мүшенің, оның клиентінің немесе жұмыс берушісінің аса мұқият бүркемеленген
немесе жеке басының мүдделеріне қызмет ететін ешқандай ұйым құрмауға тиіс; ол
мұндай мүдделерден немесе кез келген осындай ұйымнан пайда көрмеуге тиіс.