2. Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық
қамтамасыз етуді имидждік қолдау
Президенттің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық
материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
Президенттің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын
түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының,
ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
3. Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық
қамтамасыз етуді коммуникативтік қолдау
Президенттің www.akorda.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын,
ақпараттық материалдарды, баспа, аудио-, фото- және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау
және орналастыру;
Президенттің қызметі және оның қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы БАҚ-ты
ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз ету;
«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы жұмысын Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараның телевизиялық
түсірілімін ұйымдастыру, Телерадиокешеннің тақырыптық жоспарын келісу, Президенттің
қызметі туралы бейнеөнімдер өндіру, шығару және тарату процесі, сондай-ақ Президенттің
қызметі жөніндегі бейнематериалдарды сараптаудан өткізу және мемлекеттік сақтауға
беруге дайындау тұрғысынан үйлестіру және бақылау;
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру
жөніндегі қоғамдық комиссияның құрамы және жұмысын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы
Президентінің Баспасөз хатшысы
Достарыңызбен бөлісу: