Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Баспасөз қызметі мынадай қақыларға
ие болады:
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті
ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратады және алып отырады;
үкіметтік байланыс және коммуникация жүйелерін пайдаланады;
қажет жағдайда заңда белгіленген тәртіппен ақпараттық-талдау және ғылыми
мекемелерді, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдарда,
БАҚ-та жұмыс істейтін жекелеген ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарта алады (соның
ішінде шарттық негізде);
мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, мұражайлардың, өзге де мекемелердің
ақпараттық дерек банктерін пайдаланады;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Баспасөз
қызметінің атқарымдарын жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша өз қызметкерлерін
Қазақстан аймақтарына және делегациялар құрамында шет елдерге іссапарға жіберу туралы
ұсыныстар енгізеді.