Жетпісбай бекболатұЛЫ


VI. Баспасөз қызметінің жауапкершілігі



Pdf көрінісі
бет84/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

VI. Баспасөз қызметінің жауапкершілігі
 
10.
 
 Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің  Баспасөз  хатшысы-Баспасөз 
қызметінің басшысы Баспасөз қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде заңда 
белгіленген тәртіппен жеке жауапкершілікте болады.  
Баспасөз  қызметінің  қызметкерлері  қандай-да  бір  келеңсіздіктер  бойынша  заңда 
көзделген жауапкершілікте болады.    
  
Глоссарий
 
 
Баннер (өзгеше жазылуы-баннэр) – сыртқы жарнамада – биікте тартылған транспарант,  
сату орнында орнатылған тікбұрышты немесе үшбұрышты жарнама планшеті. 
Басорама – автобус үстінде орнатылған жарнамалық элемент (жарық жүргізілген 
панель). 
Бәсеке – тауарларды өткізудің экономикалық жағдайлары, бұл орайда пайда және өзге 
де тиімділіктер алу мақсатында  өткізу нарықтары үшін тайталас туындайды. 
Бәсекеге  қабілеттілік  –  тауарды  өзіне  ұқсас  тауардан  аларманның  тұтыну  мүдделерін 
қанағаттандыру  дәрежесіне  қарай  тиімді  ерекшелейтін  техникалық-экономикалық 
сипаттамаларының жиынтығы. 
Биллборд –сыртқы жарнама элементі, сыртқы жарнамадағы бейнелі жазықтық (қалқан, 
панель). Кейде радиодан берілетін қысқаша хабарландыру мағынасында қолданылады. 
Бренд (өзгеше жазылуы-брэнд) – сәтті маркетингтік шаралар арқасында танымалдыққа 
ие болған белгілі тауар белгісі. 
Бренд-менеджмент – тұтынушы санасында марка бейнесін қалыптастырып, дамыту 
жөніндегі маркетингтік құрал. 
Депозиттер  –  1)  банкілерге    салым  салу.  Айырмашылығы:  талап  еткенге  дейінгі 
депозиттер;  шартты  депозиттер.  2)  несие  мекемелеріне  сақтауға  тапсырылатын  бағалы 
қағаздар (акциялар және облигациялар)  және басқалар. 
Депозиттік  операциялар  -  несие  мекемелерінің  ақша  қаражатын  салымға  тарту  және 
оларды орналастыру жөніндегі операциялары. 
Джоббер-жекелеген тауарлардың ірі партияларын жедел сату үшін көтере сатып 
алатын фирма. 
Директ-мейл – мақстаты аудиторияның нақты өкіліне жолданатын жарнамалық үндеу. 
Жарнама  -  тауарларға  сұранымды  қалыптастырып,  ұлғайту  мақсатында  олардың 
қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату. 
Инвестиция  –  1)  сақтандырушының  қаржысын  пайда  алу  үшін  салу.  Банктерге 
салынатын  қаржы,  депозиттер,  акциялар  және  басқа  бағалы  қағаздар,  жылжымалы  және 
жылжымайтын  мүлік,  авторлық  құқықтар,  ноу-хау  және  басқалар  сақтандырушы 


инвестициясының түрлеріне жатады. Инвестиция құрамында қаржы инвестициясы, күрделі 
салымдар,  тауар-материал  құндылықтарының  қорлары  ерекшеленеді;  2)  пайда  табу  үшін 
елдің  ішіндегі  және  шет  елдердегі  өнеркәсіп,  көлік,  ауыл  шаруашылығы,  сауда, 
шаруашылықтың басқа салаларының кәсіпорындарына ұзақ мерзімді капитал салу.  
Инновация  (жаңалық  енгізу)  -  процесс  ретінде  инновация  экономикаға  техника  мен 
технология  ұрпағының  ауыстырылуын  қамтамасыз  ететін  қаражат  салу;  нысан  ретінде  
инновация  -  ғылыми-техникалық  прогрестің  нәтижесі  болып  табылатын  жаңа  техника,  
технология. 
Креативтілік - шығармашылыққа қабілеттілік. 
Креативтік  тактика  –  шығармашылық  стратегияны  жүзеге  асырудың  айырықша 
детальдары. 
Креатура - өнер туындыларын өмірге әкелу. 
Логотип  –  жарнама  беруші  атауының  бірегей  тәсілмен  бейнеленуін  білдіретін 
фирмалық стиль элементі. 
Маркетинг  -  өндіріс  және    өткізу  мәселелерін  шешуге  кешенді  мақсатты-бағдарлы 
тұрғыдан  қарау.  Маркетингтің  негізгі  тәсілдері  -  нарықты,  оның  өнім  өндірушілеге  қояр 
талаптарын  мұқият  зерттеу,  тұтынушылардың  сұранымын,  талғамын  және  талап-тілегін 
анық  біліп  отыру,  сөйтіп  олардың  сұранымына  жауап  беретіндей  тауарлар  шығару. 
Маркетинг  қызметінің  нақты  бағыттары  -  тауарлардың  түр-түрлерін  жоспарлау,  сатып 
өткізу  ісін  көтермелеу  жөнінде  шараларды  жүзеге  асыру.  Қазіргі  кездегі  маркетинг 
тұжырымдамасы  негізгі  үш  элементтен  тұрады.  Олар  -  тұтынушыны  (оның  мұқтаждарын, 
талап-тілегін  және  іс  қимылын)  бағдарда  ұстау;  маркетингке  оның  табысты  жұмыс  істеп 
тұрған  барлық  буындарына  байланысты,  сондай-ақ  олардың  құрылымдық  және  ұйымдық 
жағынан  кооперациялануын  талап  ететін  қоғамдық  іс  ретінде  қарау;  алғашқы  екі  элемент 
шараларының  түпкілікті  нәтижесі  және  тауар  сатудың  нақты  тактикасын  анықтайтын 
фактор ретінде пайдаға бағдар ұстау.  
Медиабаинг  –  жарнама  науқанын  өткізу  үшін  жарнама  уақытын  және  жарнама 
өткізетін орынды сатып алу. 
Медиаселлинг  –  жарнама  таратушы  иесінің  атынан  және  оның  тапсырмасы  бойынша 
жарнама тарату құралдарының жарнама кеңістігін сату жөніндегі агенттіктің қызметі. 
Менеджмент – пайданы өсіру мақсатында фирманы (кәсіпорынды) нарық жағдайында 
басқару әдістерінің, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. 
Рейтинг  -  сыныпқа,  разрядқа  немесе  категорияға  жатқызу,  бағалау.    Қаржы  және 
коммерция  мекемелері  (әр  түрлі  әдістермен)  компаниялардың  жағдайын  талдап,  олардың 
несие  қабілетін  бейнелейтін  несие  рейтингісін  анықтайды.  Рейтинг  бағалы  қағаздарға, 
әсіресе облигацияларға байланысты неғұрлым жиі қолданылады. 
Рентабельділік  (пайдалылық,  табыстылық)  -  өндірістің  табыстылығы,  пайдалылығы; 
өндіріске  қаражатты  пайда  әкелетіндей  етіп,  тиімді  орналастыру.  Рентабельділік  заттай, 
еңбек  және  ақша  ресурстарының  пайдаланылу  деңгейін  көрсетеді.  Ол  кәсіпорын,  фирма 
және  т.б.  жұмысының  экономикалық  тиімділігінің  кешенді  көрсеткіші  болып  табылады. 
Рентабельдік  негізгі  өндірістік  қорлар  мен  айналмалы  қаражаттан  жұмсалған  қаржының 
көлемімен салыстырғанда айқындалады. 
Спот – радио- және телехабарларға қосуға арналған жарнамалық ролик (мәтін). 
Тауардың өмірлік циклы - тауарлардың рынокқа енгізілуінен бастап тұтыну саласынан 
толық  кетуіне дейінгі  өзара байланысты процестердің жиынтығы. Өмірлік циклдың негізгі 
сатылары:  тауардың енгізілуі  (жаңа тауардың  нарыққа түсіп, оны сату  көлемінің біртіндеп 
ұлғаюы),  өсуі  (сату  көлемінің  жедел  өсуі),  толысуы  (сату  көлемі  қарқынының  біртіндеп 
саябырсуы),  молығуы  (сату  көлемінің  тұрақтануы),  құлдырауы  (тауарды  сату  көлемінің 
көзге түсерліктей және тұрақты түрде қысқаруы, одан соң тиімсіз деп табылып, өндірістен 
алынуы). 
Фирма  -  заңды  тұлға  құқығын  пайдаланатын  шаруашылық,  өнеркәсіп  немесе  сауда 
бірлестігі. 


Холдинг  компаниясы  -  басқа  фирмаларды  бақылап,  басқарылуын  қадағалап  отыру 
мақсатымен олардың ацияларының бақылау пакеттеріне иелік ететін компания. Оның: таза 
холдинг  (бақылау  және  басқару  үшін  арнайы  құрылады);  кәсіпкерлік  қызметпен 
айналысатын  аралас  холдинг    (өнеркәсіпте,  саудада,  көлікте,  несие-қаржы  жүйесінде  және 
т.б.) түрелрі бар. 
Экономикалық  әлеует  -  елдің  халық  шаруашылығы  салаларының  өнім  өндіруге, 
күрделі  құрылысты  жүзеге  асыруға,  жүк  тасымалдауға,  халыққа  қажетті  қызмет  көрсетуге 
қабілетінің  жиынтығы.  Ол  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерімен,  өндірістік  қуаттардың 
көлемімен,  көлік  құралдарының  молдығымен,  еңбек  ресурстарының  болуымен,  олардың 
кәсіптік даярлығы және өндірістік емес салалардың даму деңгейімен және т.б. айқындалады. 
Экономикалық әлеует экспорттық әлеуетті жасауға қажетті жағдайларды қалыптастырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет