«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм



бет2/2
Дата13.08.2017
өлшемі0,59 Mb.
#23652
1   2

Қорытынды

Жауаптарды кілті бойынша тексер:

Жауап сәйкес келсе; 1 балл. Шкала бойынша баллдар қорытындысын жаз.

І. (Көпшіл - тұйық) Э - әрпімен белгілеңіз:



  • «Иә»жауаптары - 1,3,9, 11.14.17,19,22,25.27,30,35.38,41,43,46,49,53,57

  • «Жоқ» - 6, 33. 51. 55. 59

II. (байсалды - жеңілтек) Н - әрпімен белгілеңіз:

  • «Иә». - жауап - 2, 5, 7. 10 13. 15, 18, 21. 23, 26. 29, 31. 34, 37. 39, 42, 45, 47. 50, 52, 54, 56, 58, 60

ІІІ. Л - әрпімен белгілеңіз:

  • «иә» - 8, 16, 24, 28, 36, 44.

  • «жоқ» - 4, 12, 20, 32, 40, 48

I, ІІ, ІІІ - шкала бойынша балл жинагы

Шкала

көрсеткіші



Темперамент түрі

холерик

сангвиник

флегматик

меланхолик

|

12-дөн көп

12-ден көп

12-ден аз

12-ден аз

||

12-ден көп .

12-ден аз

12-ден аз

12-ден аз

Егер ІІІ шкала бойынша 5 балл -дан жоғары болса, онда сұрақтарға жауап жалған және ықылассыз болғандығын көрсетеді. Сондықтан қорытынды анық болмауы мүмкін.

12 – 17 жас аралығына норматив:

Э – 11 – 14 балл

Н – 10 – 15 балл

Л – 4 – 5 балл



ТЕМПЕРАМЕНТ ТҮРЛЕРІ

Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастаған. Ежелгі грекияның белгілі ғалымы. дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша әр-түрлі темпераменттер адамадар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты. Олар: денені жылытыл тұратын - қан, салқындататын – шырын, құрғататын - бауырдағы сары өт, оған дымдылық беретін қара өт. Осы 4 түрлі сұйықтар араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Латын тілінде бұл темпераментум деп аталады.



Сабақ үстінде әр топ оқушылардың үйде орындаған 4 темперамент типіне жасаған сипаттамасы қарастырылып, сол типке келетін сыныптағы оқушыларға мінездеме беріледі.

1. Сангвиник - темпераментіне кіретін ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, тіпті олар оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар жандар болады, мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Жұмысқа қабілетті, ал іс жоқ кезде сылбыр күйге түседі. Кейде мінезінде жеңілдік байқалады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де мүмкіи. Акыл - ой әрекеті белсенді жүріп отырады, айтқандарыи қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам. Анық, түсінікті, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Олар басқа адамдармен тез тіл табысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика) жағы басым келеді, көбінесе, эмоциясы қозу жағдайында тұрады. Сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Сангвиниктер тапқырлық пен зеректікті қажет етеді. Жұмыс үстінде төзімділікті көрсете отырып, нәтижеге жетуге тырысады.

2. Флегматик - ол өте сақ, ұяң, байсалды жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты бір қалыпты. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай асып-саспай сөйлейді. Сөзі ым ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Өзінің икемділіктерін жақсы керсетеді. Флегматик темпераментіндегілер бір қалыпты және жақсы меңгерілген жұмысты орындауға бейім. Флегматиктерді барлық уақытта асықтырып, құлшындырып отыру қажет.

3. Холерик - бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы - төкпелі, тұрақсыз, ашуланшақ болып келеді. Қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң. Қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекеттің белсенділігін байқауға болады. Өз эмоцияларын қимыл-қозғалыстарын билей алмай қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез қызу сейле,. төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Ерекшеліктері өткір көзімен, тез және оңтайлы қозғалыстардан жақсы байқалады. Ызақор, ашуланшақ келеді. Олар өзгелер арасында басшылық жасауға құмар, өзін жоғары санайды, қарсы келсең ашуланып қалады. Холериктердің сезімі, көңіл-күйлері сөзінен, қимылынан білініп тұрады. Олар әсерлі мәнерлі сөйлейді.

4. Меланхолик - сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйык, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар, Қызараңдап ұялады. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан көпішіліктен аулақ жүргеиді жақсы көреді, сіркесі су көтермейді, бірбеткей, қыңыр, қисық келеді. Көзге түспей жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Бірақ өте сезімтал, басқалар көре қоймаған нәрсені тез байқайды. Олар сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп жүреді, жұмыс шапшаңдығы бір қалыпты емес. Үнемі өзімен өзі жүреді. Басқаруга ұмтылмайды.

Меланхолик темпераментінің өзі - әлсіз тип. Күшті типтегі темпераменттер: сангвиник, флегматик, холерик.




Голланд әдісімен кәсіби-тұлғалық типін

Мақсаты: Голланд әдістемесі арқылы тұлғаның психологиялық типін анықтау



Реалистік тип - «Ер азамат типі» . нақтылыққа бағытталған, жоғарғы эмоционалдық тұрақтылыққа ие. Нақты нысандармен және оны қолданумен айналысқанды жөн көреді. Буындық дағдыларды, ептілікті талап ететін (үнемі қозғалыста болатын) тапсырмаларды таңдайды. Көбінесе механик, жүргізуші, инженер агроном т.б. нақты тапсырмаларға бағытталған мамандықтарды қалайды. Вербальды емес қабілеттер, буындық дағдылардың дамуы, кеңістіктік ойға берілуі (сызбаларды оқу) сындық сипаттар тән. Физика, экономика, кибернетика, химия, спорт сияқты салаларда жетістікке жету мүмкіндігі бар.

Зияткерлік тип - сараптамалық ақыл-ой, ерекшелікпен тәуелсіз ой-тұжырым жасау тән. Теориялық және эстетикалық құндылықтары басымдылыққа ие. Зияткерлік, шығармашылық мәселелерді шешуге икемді. Әдетте ғылыми мамандықтарды таңдайды. Ой-өріс қабілеті үйлесімді: вербальді және вербальді емес қабілеттері дамыған. Жоғары белсенділігімен ерекшеленгенмен, қызыметте қарым-қатынас жасауға бейім емес. Әңгімелесу кезінде көбінесе, ақпаратты жеткізуші рөлін атқарады, негізінен тұйық. Негізінен математика, география, геология, теориялық мамандықтар, физика сияқты қызмет саласын таңдайды.

Әлеуметтік тип - әлеуметтік біліктілігінің айқындылығымен ерекшеленеді (қарым-қатынас жасай білу, топ басшысы болуға ұмтылу) Айналасындағылардан тәуелсіз, орын алған жағдайларға тез икемделеді. Күйзеліске берілгіш, сезімтал. Ой-өріс құрылымында вербальды қабілеттері айқын. Әлеуметтік біліктілікті меңгерген, қарым-қатынасқа мұқтаж.

Мінезіндегі сипаттар: оқытуға, тәрбиелеуге деген ұмтылыс, адамға психологиялық жағынан қолдау көрсету, адамгершілік, нәзіктік тән. Осы типтің өкілдері зияткерлік мәселелерден бойын аулақ ұстайды; белсенді, бірақ әдетте өзгелердің пікіріне тәуелді. Туындаған мәселелерді эмоцияға, сезімге берілуі, адамдармен тіл табысуының арқасында шешеді. Жақсы вербальды қабілеттерді меңгерген.

Ұсынылатын қызмет түрі: оқыту мен емдеу (мұғалім, дәрігер, психолог)

Конвенциялды тип -құрылымы айқын қызмет түрлерін қалайды. Мінезі стереотипті, нақты әрі іскер. Сыншылдық, өзіндік ерекшілік көрсетпейді, консервативті, тәуелді, үйлестіруге, шығармашылыққа икемі жоқ, қызмет түрін ауыстырғанды ұнатпайды. Ұйымдастырушылық қабілеттері әлсіз дамыған, математикалық қабілеттері басым.

Іскер тип - күш-жігерді, ұшқыр ойлылықты, импульсивті көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды таңдап, шытырман оқиғаларды ұнатады. Осы типтің өкілдері басымдылықты, өзін айналасындағының мойындағанын, жетекшілік жасағанды жақсы көреді. Оған тәжірибелік жұмыстар ұнамайды, сондай-ақ интеллектуалды күш-қуатты, шыдамдылықты қажет ететін жұмыстарды да жаны қаламайды. Басшылық, билік, мәртебемен байланысты мәселелерді жақсы шешеді, қатал әрі іскер, жақсы вербальды қабілеттерді меңгерген. Көбінесе келесі қызмет түрлерін қалайды: әртіс, журналист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат және т.б.

Әртістік тип -эмоцияға, қиялға, ішкі сезімге арқа сүйейді; өмір сүруге деген күрделі көзқарасқа ие. Шешім қабылдауда тәуелсіз, ерекше. Моторлық, вербальды қабілеттері жоғары дамыған. Осы типтің өкілдеріне өзіндік «менін» дәлелдеуге деген өмірлік ой-ниет тән. Қоғамның шарттарын қабылдамайтындықтан, әлеуметшіл емес. Әртістік тип өкілдері әдетте шығармашылық қызмет түрлерін қалайды: музыка, сурет, әдеби шығармашылық т.б.

Бейділіктері мен кәсіби қызығушылықтарын анықтауға арналған

(Климов әдісі бойынша)

Мақсаты: Психологиялық сауалнама арқылы бейімділіктері мен кәсіби қызығушылықтарын анықтау



Баланың табиғи бейімділігі.
Фамилиясы,аты _____________________________ жасы ____сыныбы

Төмендегі сөйлемдерді жақсылап оқып, мектепте өзіңді күнделікті қалай сезінетініңе сәйкес оң жақтағы цифрдың біреуін дөңгелекпен белгіле. Бұл сұрақтардың немесе дұрыс емес жауаптары жоқ. Бұл сөйлемге көп уақыт алмай, нақты және тез жауап беруге тырыс.





Сұрақтар

Ұнайды

Өте

ұнайды


Ұнамайды

Өте ұнамайды

1

Жануарлар туралы киноны ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

2

Жаңа ойыншықтың қалай құралғанын білу үшін оны бөлшектейсің бе?

+

+ +

-

- -

3

Мектеп ойнауды және мұғалім болуды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

4

Түрлі-түсті қарындашпен сурет салуды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

5

Құмырада гүл өсіргенді ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

6

Тапсырма орындауды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

7

Сен лего жинауды, үлгі бойынша құрылым жасауды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

8

Сен емхана ойнауды және дәрігер болуды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

9

Сен әдемі жазуды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

10

Сен ойдан әңгіме құрағанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

11

Сен жануар жайлы әңгіме тыңдағанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

12

Сен ойыншығың бұзылса жөндеуге тырысасың ба?

+

+ +

-

- -

13

Сен кішкене балаларға бір орында қалай ойнау керек екенін түсіндіруді ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

14

Сен қиын сөзжұмбақ шешуді ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

15

Сен сурет салсаң, ұнамай қалса оны өзіңе ұнағанша түзеп саласың ба?

+

+ +

-

- -

16

Сен өсімдікті бақылағанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

17

Сен техникалық журналды жиі көресіңбе?ол саған ұнайма?

+

+ +

-

- -

18

Сен көшеде бала жылап тұрса, оны жұбатуға тырысасың ба?

+

+ +

-

- -

19

Сен оқығанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

20

Сен аяғы көңілсіз аяқталған оқиға естідің. осы оқиғаны өзгертіп, жақсы аяқталғанын қалар ма едің?

+

+ +

-

- -

21

Сен әдемі тас жинағанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

22

Сен таныс емес құралдың құрылысын көргенді ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

23

Сенің мамаң шашын өзгертіп, не әдемі көйлек киді. сен оны байқап, оған қандай әдемі екенін айтасың ба?

+

+ +

-

- -

24

Айналада шулы ән ойнап жатыр,сен қызықты тапсырманы ұзақ шешесің бе?

+

+ +

-

- -

25

Саған бояумен сурет салған ұнайма?

+

+ +

-

- -

26

Сен табиғат туралы мультик көргенді, кітап оқығанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

27

Сен аулада ойнап жүрсің? біреу ТВ не радионы сыртқа шығарып тастады. сен оның ішінде не барын көресің бе?

+

+ +

-

- -

28

Сен жақындарының бірдеңеге көңілсіз жүргенін байқайсың ба?

+

+ +

-

- -

29

Сен бейнесөз, сөзжұмбақ шешкенді ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -

30

Сен сахнада ертегіні рөльге бөліп оқығанды ұнатасың ба?

+

+ +

-

- -




Адам-табиғат:

1

6

11

16

21

26

+

-

А-техника:

2

7

12

17

22

27

+

-

Адам – адам

3

8

13

18

23

28

+

-

Адам – жүйе/знак/

4

9

14

19

24

29

+

-

А-көркем образ:

5

10

15

20

25

30

+

-


Басқа адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдар мен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі-жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін) екіншісі- адамдармен тиімді іскерлік қарым-қатынас жасауға даярлау.

Табиғат. Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіңе мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер мен жануарлар әлемімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.

Техника. Бұл мамандықтар техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог т.б. Сонымен қатар бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металургшы, машина жасау, көлік, құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларында табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.

Белгілер жүйесі. Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бугалтер, экономист, корректор, іс жүргізуші, эксперт-сараптамашы, мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылы, сараптап- саралайтын ақыл-ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.

Көркем образ. Мұндай мамандықтардың қызыметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталған. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби мәтіндерді құрастыру, киноматография т.б. салалары. Осы салаларға байланысты суретші, бухгалтер, мүсінші, жазушы, әдеби редактор, режисер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет еткендіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігін, жаңа, ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

Адамның өзі. Бұл мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселен, спорсмен, каскадерлер, кино мен театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зеиінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптану мен соған дайын болу, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылу, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.

Қызығушылық картасы

(А. Е. Голомшток әдістемесі бойынша)
Мақсаты – тұлғаның қызығушылығын, қабілетін айқындау. Қызығушылық картасы 29 қызмет саласына бағытталған 174 сұрақтан тұрады.

Қызығушылық картасының жұп парағы 29 қатар, 8 бағаннан тұрады. Әр бағанда 29 сұрақ бар: (1 баған – 1-ден 29-ға шейін; 2 баған – 30-дан 58-ге дейін; 3 баған – 59-дан 87-ге дейін; 4 баған – 88-ден 116-ға дейін; 5 баған 117-ден 145-ке дейін; 6 баған – 146-дан 174-ке дейін; 7 баған «+» (бұл бағанда өзің үшін ұнамды жауаптарды белгілейсің); 8 – баған «-» (бұл бағанда ұнамсыз жауаптар белгіленеді).



Нұсқау: «Сенің басты қызығушылықтарыңды анықтау үшін сұрақтар тізімін ұсынып отырмыз. Әр сұраққа зейін қойып,дәл жауап беруге тырыс. Егер сұралып отырған нәрсенің саған ұнайтынына бірнеше рет көзің жеткен болса, онда сол сұрақтың тұсына (++) екі қосу белгісін қойыңыз. Егер жай ғана ұнаса, онда (+) бір ғана қосу белгісін қойыңыз. Егер жауап бере алмасаңыз, өз-өзіңізге сенбесеңіз – 0 (ноль) қоясыз, ұнамаса –(-) алу, егер мүлдем ұнамаса – екі алу белгісін (--) қоясыз. Бірде-бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап бер. Парақты толтыру уақыты шектелмейді».
Қызығушылық картасының мазмұны

(Жақсы көресің бе? Саған ұнайды ма? Қалар ма едің?)


  1. Жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысу.

  2. География пәні сабақтары, география оқулығын оқу.

  3. Геологиялық экспедициялар туралы көркем және ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу.

  4. Адам анатомиясы мен физиологиясы бойынша оқулықтар мен сабақтар.

  5. Үй шаруашылығын жүргізу сабақтары мен одан берілетін тарсырмалар.

  6. Физикадан жаңалықтар туралы, ұлы физиктердің өмірі мен шығармашылығы туралы әйгілі ғылыми әдебиеттерді оқу.

  7. Химиялық ашылулар мен ұлы химиктердің өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу.

  8. Техникалық журналдарды оқу (мысалы, «Жастар техникасы», «Жас техник»).

  9. Электроника мен радиотехника саласындағы жетістіктер туралы ғылыми-танымал журналдар мақалаларын оқу.

  10. Түрлі металлдар және олардың қасиеттерімен танысу.

  11. Ағаш түрлерімен және оны іс-тәжірибеде қолданумен танысу.

  12. Құрылыс саласындағы жетістіктермен танысу.

  13. Түрлі көлік түрлері (автокөлік, теміржол және т. б.) жүргізушілері туралы фильмдер көріп, кітаптарды оқу.

  14. Ұшқыштар мен ғарышкерлер туралы фильмдер көріп, кітаптарды оқу.

  15. Әскери техникалармен танысу.

  16. Тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы кітаптар оқу.

  17. Отандық және шет ел классиктерін оқу.

  18. Газет – журнал материалдарын оқу, талқылау.

  19. Мектеп пен сыныптағы күнделікті істер мен оқиғаларды талқылау.

  20. Мектеп өмірі (тәрбиешілер мен мұғалімдер жұмысы) туралы жазылған кітаптарды оқу.

  21. Милиция жұмысы туралы фильмдер көріп, кітаптарды оқу.

  22. Өздерің оқитын, тұратын, жұмыс істейтін орындарыңның әдемілігі, заттардың орынды қойылуына көңіл бөлу.

  23. «Қызықты математика», «Математикалық сауық» сияқты кітаптарды оқу.

  24. Экономикалық географияны зерттеумен айналысу.

  25. Шет тілімен айналысу.

  26. Ұлы суретшілердің өмірі мен бейнелеу өнерінің даму тарихымен танысу.

  27. Сахна мен киноның ұлы шеберлерінің өмірімен танысу, әртістермен кездесу, олардың суреттерін жинау.

  28. Ұлы музыканттардың өмірі және шығармашылығымен, музыка өнерінің теориясына байланысты сұрақтармен танысу.

  29. Атақты спортшылар мен спортқа байланысты газет – журналдар туралы оқу.

  30. Биология, ботаника, зоологияны зерттеумен айналысу.

  31. Географиялық ашылулары мен сипаттары бойынша түрлі елдермен танысу.

  32. Белгілі геологтардың өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

  33. Адамдардың ауруды жеңуі, дәрігерлер мен медицина саласындағы жетістіктер туралы оқу.

  34. Жеңіл өнаркәсіп кәсіпорынларына танымдық жарықтар жасау.

  35. «Қызықты физика», «Физика әзілі» сияқты тақырыптағы кітаптарды оқу.

  36. Табиғаттағы химиялық құбылыстарды табу, химиядан тәжірибе жұмыстарын жасау, химиялық реакциялардың жүру барысын бақылау.

  37. Заманауи техниканың соңғы жетістіктерімен танысу (радио және телехабарларды тыңдау, көру, газет материалдарын оқу).

  38. Радиотехникалық үйірмелерге қатысу немесе электриктің жұмысымен танысу.

  39. Металлды өңдейтін түрлі өлшеуіш құралдарымен танысу және жұмыс істеу.

  40. Ағаштан жасалған бұйымдардың жасалуын бақылау, жиһаздың жаңа үлгілерімен танысу.

  41. Құрылысшылармен кездесу, олардың жұмыс барысын бақылау.

  42. Қозғалыс құралдары туралы танымал әдебиеттерді оқу.

  43. Теңізшілер туралы кітаптарды оқу, фильмдер көру.

  44. Үлкен шайқастар мен соғыс тарихы және әскери тақырыптағы фильмдер көру, кітаптар оқу.

  45. Қазақстан мен шет елдердегі ағымдық саяси оқиғаларды талқылау.

  46. Әдеби сын мақалаларды оқу.

  47. Телевизордан және радиодан хабарларды тыңдау, тақырыптық телехабарларды көру.

  48. Қалада, мемлекетте болып жатқан оқиғаларды білу.

  49. Жолдастарың өз беттерінше оқу тапсырмаларын істей алмаса, түсіндіріп, көмек жасау.

  50. Танысыңның, досыңның немесе әдеби қаһарманның іс-әрекеттерін әділетті бағалау.

  51. Отбасын азық-түлікпен қамтамасыз ету, саяхатқа шығу кезінде тамақпен қамтуды ұйымдастыру.

  52. Математикалық ашылулар мен ұлы математиктердің өмірі мен қызметі туралы әйгілі ғылыми әдебиеттерді оқу.

  53. Экономикалық және шаруашылық жоспарларының орындалуымен танысу.

  54. Шет тіліндегі көркем әдебиетті оқу.

  55. Редколлегия мүшесі боп, газетті рәсімдеуге қатысу.

  56. Драмалық театрға немесе жасөспірімдер театрына бару.

  57. Опералық және симфониялық музыка тыңдау.

  58. Спорттық жарыстарға қатысу, спорттық радио және телехабарларды тыңдау.

  59. Биологиялық үйірмелерге қатысу.

  60. Географиялық үйірмелерге қатысу.

  61. Жердегі минералдар мен геологиялық объектілердің көрінісі мен суреттерін жинау, құрастыру.

  62. Адам ағзасының қызметі, аурулардың пайда болуы себептері мен оны емдеудің жолдары туралы оқу.

  63. Аспаздық үйірмесіне қатысу, үйде ас дайындау.

  64. Физикадан тәжірибелер жасау.

  65. Сұйықтық дайындау, реактивтерді өлшеу.

  66. Түрлі механизмдерді (мысалы, сағат, үтік) бұзып жөндеу.

  67. Дәл өлшеу құралдарын (осциллограф, вольтметр, амперметр) қолдану; түрлі сынықтар жүргізу.

  68. Металл түрлі заттар мен бөлшектер жасау шеберлігі.

  69. Ағаштан түрлі заттар жасау мен ағашты көркем өңдеу.

  70. Түрлі құрылыс нысандарының нобайын жасау немесе түрлі ғимараттар сызбаларын сызу.

  71. Жас теміржолшылар мен автокөлік қызығушыларының үйірмелеріне қатысу.

  72. Парашютистер секциясы мен авиаүлгілеуші үйірмесі, авиаклуб жұмысына қатысу.

  73. Мергендер секциясымен айналысу.

  74. Түрлі халықтар мен мемлекеттердің пайда болу тарихын зерттеу.

  75. Әдебиеттен сыныпта және үйде шығармалар жазу.

  76. Басқа адамдардың қылығы, іс-әрекеті мен өмірін бақылау.

  77. Қоғамдық жұмыстарды орындау, қандай да бір іске дос-жарандарды жұмылдыру, ұйымдастыру.

  78. Кішкентай балалармен уақыт өткізу, оларға кітап оқып беру, әңгімелесу, көмектесу.

  79. Өз қатарластарың мен жасы кіші балалардың арасында тәртіп орнату.

  80. Сатушы, аспазшы, даяршы жұмысын бақылау.

  81. Математикалық үйірмеге қатысу.

  82. Өндірістің даму мәселелерін зерттеп, өндірістік кәсіпорындарының есебі мен жоспарлау саласының жаңа жетістіктерімен танысу.

  83. Шет тілі сөздіктерімен жұмыс істеу, аз таныс тілдердің тіркестерін зерделеу.

  84. Мұражайлар мен сурет көрмелеріне бару.

  85. Көрермендер алдында сахнаға шығу.

  86. Бір музыкалық аспапта ойнау.

  87. Спорттық ойындарды ойнау.

  88. Жануарлар мен өсімдіктердің өсуін бақылау мен оларды бақылау дәптерін жүргізу.

  89. Өз бетіңмен географиялық карталарды құрастыру. Түрлі географиялық материалдарды жинақтау.

  90. Геологиялық мұражайға экспонаттар мен минералдардың коллекциясын жинақтау.

  91. Дәрігер, медбике, фармацевтердің жұмыстарымен танысу.

  92. Киімдерді пішу, тігу үйірмелеріне қатысу, өзіңе және отбасы мүшелеріне арнап киімдер тігу.

  93. Физика бойынша жүргізілетін үйірмелерге қатысу немесе физикадан факультативтік сабақтарға қатысу.

  94. Химия бойынша жүргізілетін үйірмелерге қатысу немесе химиядан факультативтік сабақтарға қатысу.

  95. Қандай да бір техникалық үйірмеге (ұшақ, кеме т.б. үлгілеу) қатысу.

  96. Электроқұралдар, электораппараттар, электр машиналарының құрылымдарымен танысу; радиоқұралдарды, қабылдағыштарды және т.б. бақылау, жинау.

  97. Еңбек пен слесарлық-станоктық шеберханалар сабақтары.

  98. Қашаушылар үйірмесі мен «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысу.

  99. Құрылыс нысандарында болу, құрылыстың барысы мен өңдеу жұмыстарын бақылау.

  100. Көлік қатынысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысындағы ережелердің сақталуын бақылау.

  101. Желкеншілердің, аквалангистердің, су құтқарушылардың секцияларына қатысу.

  102. Әскерилендірілген ойындарға қатысу.

  103. Тарихи мұражайларды аралау, мәдени ескерткіштермен танысу.

  104. Әдеби үйірмелерде шұғылдану, әдебиет пен шет тілдері бойынша жүргізілетін факультативтерге қатысу.

  105. Жеке күнделік жүргізу.

  106. Халықаралық жаңалықтар туралы хабарламамен сынып алдында сөз сөйлеу.

  107. Жасы кіші балаларға арнап сауық кештерін ұйымдастыру.

  108. Адамдардың жасырғысы келетін қылықтары мен іс-әрекеттерінің себеп-салдарын анықтау.

  109. Дүкенде өз қажетін іздеп жүрген сатып алушыға көмектесу.

  110. Математикадан күрделі есептерді шығару.

  111. Өзіңнің ақша шығындарың мен кірістеріңнің нақты есебін жүргізу.

  112. Шет тілі үйірмелеріне немесе факультативтік сабақтарына қатысу.

  113. Көркем өнер үйірмесіне қатысу.

  114. Көркемөнерпаздар байқауына қатысу.

  115. Хор немесе музыкалық үйірмеге қатысу.

  116. Қандай да бір спорттық секцияға қатысу.

  117. Биология пәні бойынша олимпиадаға қатысу немесе өсімдіктер мен жануарлар туралы көрме дайындау.

  118. Географиялық экспедицияға қатысу.

  119. Геологиялық экспедицияға қатысу.

  120. Ауру адамды күту, бақылау, олардың жағдайларын жеңілдетуге көмек көрсету.

  121. Аспаздық және кондитер өнімдерінің көрмесіне қатысу.

  122. Физика пәнінен олимпиадаларға қатысу.

  123. Химиядан күрделі есептерді шешу, химия пәнінен олимпиадаларға қатысу.

  124. Техникалық сызбалар мен тірек-сызбаларды ажырата білу, өз бетіңмен сызу немесе сызбалар құрастыру.

  125. Күрделі радиосызбаларды білу.

  126. Жаңа типті станоктармен танысу, олардың жұмыс барысын бағдарлау мен жөндеу ретін көру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарға танымдық жорық жасау.

  127. Өз қолыңмен ағаштан қандай да бір зат жасау.

  128. Құрылыс жұмыстарына белсенді араласу..

  129. Автокөлік, троллейбустарға және т.б. қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына белсенді араласу.

  130. Қандай ауа-райы болмасын, жедел жәрдем ұшақтарына ұшу немесе жеделжылдамдықтағы ұшақтарды басқару.

  131. Қатал тәртіпте өмір сүру, күн тәртібін қатаң түрде орындау.

  132. Тарихи үйірмелерге қатысу, материал жинақтау, тарихи тақырыпта баяндама даярлау.

  133. Әдебиет ақпарат көздерімен жұмыс жасау және оқығандарың жайлы әсерлеріңді жазатын күнделік жүргізу.

  134. Пікірталастар мен оқырмандар конференцияларына қатысу.

  135. Мектепте қоғамдық шараларды дайындау мен өткізу.

  136. Тәрбиесі қиын балаларды өз қарамағына алу, балалар мен жасөспірімдердің мәселесіне байланысты сұрақтарды талқылау.

  137. Милиция жұмыстарына көмектесу.

  138. Үнемі әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау.

  139. Математикалық олимпиадаларға қатысу.

  140. Тауарлардың құны, бағаның қойылуы, жалақы, жұмыстың ұйымдастырылуына байланысты сұрақтарды түсінуге тырысу.

  141. Достармен шет тілде әңгімелесу.

  142. Бейнелеу өнерінің көрмесіне қатысу.

  143. Театр үйірмесіне қатысу.

  144. Театрлардың байқау-мүшәйраларына қатысу.

  145. Спорттық жарыстарда жекелей сындарға түсу.

  146. Бау-бақшада өсімдіктер өсіру немесе жануарларды күтімге алу.

  147. Жергілікті жерді топографикалық суретке түсіру.

  148. Бағдарламаға сәйкес ауқымды жұмысты қажет ететін күрделі және ұзақ мерзімді жорықтарға бару.

  149. Аурухана, емхана мен дәріханада жұмыс істеу.

  150. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында маман (тігінші, кондитер және т.б.) болып жұмыс істеу.

  151. Химиядан күрделі есептерді шешу.

  152. Химиялық өндірісте жұмыс істеу.

  153. Техникалық шығармашылық көрмесіне қатысу.

  154. Электроэнергетика мен радиоэлектроника саласында жұмыс істеу.

  155. Станокпен жұмыс істеу, түрлі бұйымдар мен бөлшектер дайындау.

  156. Столярлық немесе үлгілеу жұмыстарының сызбасын орындау.

  157. Құрылыс бригадасында жұмыс істеу.

  158. Жолаушылар немесе жүктерді тасымалдау, көше қозғалысы ережесін сақтау.

  159. Дауылды ауа-райында ашық теңізде немесе үлкен өзендерде жұмыс істеу.

  160. Әскери инженер немесе командир болып жұмыс істеу.

  161. Туған өлкенің тарихи орындарына саяхатқа шығу.

  162. Әңгіме жазу, өлең, мысал шығару.

  163. Қабырға газеттеріне немесе баспасөз беттеріне мақала жазу.

  164. Еңбек десанты кезінде бригадаға жетекшілік жасау.

  165. Балаларға арнап мерекелер мен ойындар ұйымдастыру.

  166. Заң мекемесінде жұмыс істеу (сот, прокуратура, адвокатура, құқықтық кеңес беру).

  167. Адамдарға үлкенді-кішілі көмектер көрсету.

  168. Математикалық білімді қажет ететін тапсырмаларды орындау.

  169. Халық шаруашылығы кәсіпорнында жоспарлау, қаржыландыру, экономика саласында жұмыс істеу.

  170. Шет тіліндегі олимпиада, байқау, конференцияларға қатысу.

  171. Бейнелеу өнері көрмелеріне қатысу.

  172. Сахнада өнер көрсету немесе киноға түсу.

  173. Музыкант, музыкалық режиссер немесе музыка оқытушысы болу.

  174. Дене шынықтыру пәні мұғалімі немесе жаттықтырушы болу.


Табандылықтарын анықтау сауалнамасы

Мақсаты: Оқушылардың табандылықтарын анықтау





Ой-тұжырым

Ия

Жоқ

1

Менің болашақтағы мақсатым айқын, енді сол мақсатқа жетуге дайындық жасап жатырмын







2

Қаншалықты алыс болса да, мен өзім қойған мақсатыма жетуге жүйелі түрде ұмтыламын







3

Әдетте алыстағы мақсаттарыма жету жолында кедергілер кездессе, ықыласым тез басылады







4

Тіпті сәтсіздіктер болғанның өзінде де өз дегеніме жететініме сенімдімін







5

Бүгінгі күнмен өмір сүру жеңіл деп ойлағандықтан, алдыма тым алыс мақсаттар қоймауға тырысамын







6

Мен бірнеше рет өз-өзімді жетілдірумен айналысқым келді, алайда бұдан еш нәтиже шықпады







7

Сәтсіздіктер мені мойытады, сондықтан айтарлықтай табыстарға жетемін деген ниетпен бас тартамын







8

Егер мен алдыма маңызды мақсат қойсам, одан бас тартуым екі талай







9

Жеңілістер мені екі есе күшпен еңбектенуге итермелейді







10

Мен бірнеше рет өз апталық күн тәртібімді жоспарлауға талпыныс жасап көрдім, алайда өз әрекетімді дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан, алға қойғандарымды орындай алмадым







11

Қиындықтарға тап болғанда жаңа бастаған ісімді жалғастыруға күмәндана бастаймын







12

Бастаған ісімді аяқтауға қиналамын, әсіресе ол апталар, тіпті айлар қажетсінетін жағдайлар







13

Жақындарым мені бір беткей, алғанынан қайтпайды деп санайды







14

Кездескен қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсаттарыма жететіндіктен, үлкен қанағат сезімін аламын







15

Қызығушылығым төмендегендіктен, бастаған істерімді орта жолда жиі аяқтамай қалдырамын







16

Мен күте де, төзе де аламын, сондықтан алыстағы армандарым, болашақтағы мақсаттарым мен үшін қорқынышты емес







17

Қарама – қайшылықтар менің шешімімді одан сайын бекітіп, қайрай түседі







18

Өз мақсатыма жету жолында сенімсіздік емес, жалқаулық жиі кедергі жасайды
















Табандылық деңгейі 0-6-төмен Табандылық деңгейі 6-12-орта

Табандылық деңгейі 12-18-жоғары



Мамандақ туралы хабарлылығы сауалнамасы

Мақсаты: Оқушылардың таңдаған мамандықтары туралы қаншалықты хабарлылығын анықтау



    1. Әр адамда қайсыбір қызмет түрінде деген икемділік бар. Мамандықты таңдау осы икемділіктерге орай жасалу қажет. Сондықтан өз бойыңда басымырақ көрінген дарындылық белгісінің астын сызып белгіле.

      1. жақсы жады

      2. байқағыштық

      3. зеректік

      4. қозғалыстағы икемділік

      5. сезімтал иіс сезу

      6. түстер ажырата білу

      7. пайымдылық

      8. қонымды ой

      9. барлық ғылым түрлеріне деген тұрақты қызығушылық

      10. ой жұмысымен айналысудағы жоғары қабілеттілік

      11. техникамен әуестенушілік

      12. құрастыру, үлгілеу белгісі

      13. экспериментке деген қызығушылық

      14. балаларға деген сүйіспеншілік және олармен бірге болуға ұмтылушылық

      15. саяхатқа шығуға, көпті көруге деген ынтызарлық, табиғатты, жануарларды жақсы көру

      16. аспаздыққа деген қызығушылық

      17. қарым-қатынастан үнемі қанағаттану сезімін алу. (таңдауының астын сыз.)

    2. Кейбір кәсіптік мамандыққа қарама-қайшы келетін белгілі бір кемшіліктерге байланысты игеру мүмкін емес. Нақтылап сыз.

      1. аллергия

      2. денсаулықтың нашарлығы

      3. тез қажу

      4. жоғары жүйке сезімталдығы

      5. ашуланғыштық

      6. қаннан қорқу

      7. қызбалық

      8. адамдармен қарым-қатынас жасаудан тез қажу

      9. ұқыпсыздық пен салақтылық

      10. төзімділік болмауы, өз құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынаста жанжалдасу

      11. нашар жасалған жұмысты қайта орындауға деген ықыластың болмауы (астын сызып көрсет)

    3. Мамандықта таңдау құқығың шектеулі болса, келесі мамандықтардың қайсысын қалар едің?

      1. моторист

      2. милиционер

      3. құрылысшы

      4. күзетші

      5. бала күтуші

      6. жүргізуші

      7. сатушы

      8. аспаз

      9. бағбан

    4. Сен үшін үлгілі боларлықтай адамға тән кәсіби сипат (астын сызып көрсет)

      1. өз ісінің білгірі

      2. ойға берілу

      3. талаптылық

      4. өз ісіне бекем болу

      5. шығармашылықпен ойлау

      6. қарапайым бола білу, адамдармен қарым-қатынаста қол жетімді болу

      7. өзіне және жұмысына талап қоя білу

      8. еңбектің жоғары нәтижелілігі, сапасы, өзінің сүйікті ісіне толық берілу

      9. жағдай мен жағдайятты есепке алу

      10. қиындықтарды жеңе білу

      11. өз күшіне деген сенімділік

    5. Өзінің болашақ мамандығына қоятын талаптарыңды сызып көрсет

      1. тым артық жүктеменің болмауы

      2. нақты нәтижелер

      3. шығармашылық мүмкіндік

      4. қабілетті дамыту мүмкіндігі

      5. жоғарғы жалақы

      6. өзінің сүйікті ісіңмен айналысу мүмкіндігі

      7. қызықты адамдармен қарым-қатынас жасау

      8. жоғары қоғамдылық маңыздылығы

      9. жұмыс мазмұнының сан алуандылығы

      10. бос уақыт

      11. жұмыс уақытын өзіңнің реттеу мүмкіндігі


Тақырыбы : Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр:

Мерзімі:

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

Тренинг барысы

1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)

Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»



Жоспар:

  • Есімдер аллитерациясы

  • Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

  • Ең-ең... (ойын)

  • «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

  • Мамандықты тап (ойын)

  • Мейірімділік алаңы (жаттығу)

  • Бос микрофон

2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады

3 «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

  • Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған

байлаеысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

  • Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару.

  • Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  • Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

  • Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Лқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

  • Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

  • Заманның ағымына қарай кейьір мамандықтар тез еакеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

  • Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралыпікір алмасу жүргізіледі)

4 «Ең-ең...» (ойын)

Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа

парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :


  • ең жасыл мамандықтар

  • ең ақшалы мамандықтар

  • ең таза мамандықтар

  • ең көңілді мамандықтар

  • ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

5 «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы

Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын анықтыу. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі.)



6 «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу керек.



Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик

7 «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл

шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің шауқтарына - ұстездерға арналған кәсіби бағлар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.

8 «Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.



9. Рефлексия




Оқушыларға берілетін кеңес

  • Алдағы өмірлік жоспары қандай болмасын, шетел тілін үйреніп,компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы.Бұлардың кез келген мамандықта кажеті болары сөзсіз!

  • Мектептегі оқу пәндері-нақты мамдіқ емес екендігін есінде сақта.Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың сағат сөзсіз ұнайтынын білдіре бермейді.

  • Мамандық тандауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті жоқ.

  • Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

  • Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  • Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ.

  • Сән қуып мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқу бітіргенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

  • Мамандықтың өз денсаулығыңа тура келетін-келмейтіні жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн.

  • Кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

  • Өзің таңдаған мамандықтың мазмұнын, қызығын, қиындығын білуге тырыс!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

4. «Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңы

5. Психологическая диагностика (под ред Д.И.Фельдштейна), МГСУ,2001.



6. Мектептегі психология 2011 жыл №6__




Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> «Көптілді оқытуды дамыту»
oysywuou -> Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы Мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері Жалпы мақсаты
igguggim -> Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Сабақтың мақсаты
igguggim -> Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік
oysywuou -> Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»
oysywuou -> Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет