Жезқазған өңірі кең байтақ еліміздің дәл орталығында орналасқан және



Pdf көрінісі
Дата02.05.2020
өлшемі85,13 Kb.
#65349
Байланысты:
Физика



2-тапсырма 

Жезқазған өңірі кең - байтақ еліміздің дәл орталығында орналасқан және 

республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның 

ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек және шашыранды металдар өндіретін кен орындары 

осында. Халық жиі қоныстанған мәдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына 

шоғырланған. 

Жезқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен 

суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың 

шаруашылығы мен мәдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді. 

Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің 

үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрылысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры 

ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40 - 10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс 

кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дәуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс 

балқытылып, өңделген. Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады. 

Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың ішіндегі ең 

маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам, молибден, ванадий және 

құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры жөнінен Қазақстан 

Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері кембрийге дейігі заманнан 

бастап, кейінгі палеозойдың пермь дәуіріне дейін жиналған тау жыныстарымен 

байланысты. 

Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жайттың бірі 

- қоршаған ортаны қорғау мәселесі. адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан бастау 

алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар 

мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен 

өнеркәсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді 

өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде 

қалдыруға кері әсерін тигізуде. 

Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты әрі түйінді 

шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар екені де 

күмәнсіз. Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды, оның 

683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына 

арналғаны - 831701 гектар, өнеркәсіп, көлік және байланыс құрылымдарына қатыстысы - 

14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің тәні - Табиғат - Ананың 

тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тәнімен ықыласты екендігі 

күмәнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа 

да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін - келбетіне елеулі зиянын тигізіп 



келеді. Экологиялық апат мәселесі қазір бар әлемді толғандырып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет