Жидек дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері Жексембі Б.С. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Жидек дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері танысу.
Мүйізшелердің және бүкіл өсімдіктің жасын ұзынынан тілінген мүйіз-шелердегі жылдық өсінділердің шекараларына қарап, оңай ажыратуға болады. Мүйізшелердің ортаңғы бөлігінде қолтық бүршіктерден өркендер пайда болады, оларды мұртшалар деп атайды.Олардың саны 10-нан да көп болуы мүмкін. Әр өркенде 3-5 дегелек (розетка) өсіп жетіледі. Дегелектер тамырлана келіп жидек егістеріне отырғызуға боладын көшеттер береді. Біржылдық өскіннің (мүйізшенің) төменгі жағынан қосалқы тамырлар өсіп шығады. Бұташық есейген сайын, қосалқы тамырлар мен топырақ бетінің ара қашықтығы алшақтай бастайды, мұндай тамырлар көбіне қурап қалады немесе топырақ бетіне шығып кетеді. Тамырлар тез қартаяды және де екінші-үшінші жылдары өле бастайды. Осы уақыт ішінде мүйізшелер мен мұртшалар саны көбейеді. Жер үстіндегі бөлігі мен тамырлар жүйесі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы өсімдіктің нашарлауына, жидектердің майдалануына және өнімдерінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Қара қарақат бұтасының құрылымы: 1-екінші-төртінші тармақтану қатарындағы түкше бұтақтар; 2-нөлінші тармақтану қатарындағы біржылдық жаңару өркені; 3-қаңқалық көпжылдық бұтақтың түп жағындағы бұйыққан бүршіктен өсіп шыққан, екіжылдық бұтақ; 4-нөлінші тармақтану қатарындағы көпжылдық бұтақ; 5-жер асты көпжылдық тамырсабақ; 6-шашақ типтес қосымша тамырлар жүйесі
Тармақталуы екінші жылы басталады. Бұтақтың төменгі бөлігіндегі тармақтар биік өседі де, жоғарылаған сайын әлсірей бастайды. Жеміс бүршіктері біржылдық өскіндерде орналасқандықтан,үшжылдық жас бұтақтарда жеміс салу аймақтары бұтақтың сырт жағына қарай орналасады. Үшінші қатардағы бұтақтардың көпшілігі-жеміс бұтақтары болып келеді. Қара қарақаттың гүл бүршіктері аралас,олардан орын басатын өркендер мен шашақ гүл пайда болуы мүмкін. Қысқа сақиналы жеміс бұтақшалар 2-4 жыл өмір сүреді. Қарақат негізінен өткен жылғы бүйір өсінділерде жеміс салады. Бұтақтар есейген сайын, өсінділер кеми бастайды және өнімділігі төмендейді. Бұта жыл сайын және мол өнім беру үшін, барлық бұтақтарда өсінділердің бір қалыпты өсуіне қамтамасыз ету қажет. Өсінділері нашар бұтақтарды уақытында аластау қажет. Бұтақтарды қиғанда, 20-30 әр түрлі жастағы бұтақтарды қалдырады.
Қызыл қарақаттың қара қарақаттан айырмашылығы:
1. Біржылдық өркені сұр түсті, көбіне қабыршақтанған, қысыңқы бүршікті, қызыл немесе ақ жидекті, жиыңқы бұта.
2. Өзіне тән хош иісінің жоқтығы.
3. Орын басатын өркендерінің ұстамды өсетіні және төбесінен өсу қабілетінің басымдылығы.
4. Жылдық өсінділерінің шекараларында орналасқан сақиналы бұтақтар мен жоқ бұтақшаларда жеміс беруі.
5. Қызыл қарақат өнімділігі қара қарақатқа қарағанда жоғары, суыққа төзімсіздеу,ал құрғақшылыққа төзімдірек.
6. Қалемшелер нашар тамырланатындықтан, негізінен сұлама сабақ арқылы көбейтіледі.
Тұшала- мұның бұтақтарын қайта қалпына келтіру қасиеті жоғары.2-3, кейде 5 жылға дейін өмір сүретін тармақталған сақиналы бұтақшалары және өткен жылғы өсінділері жеміс салады.
Сабақтарында тікендері және қылтанақтары болады. Гүл шоғыры 2-3 гүлден тұратын қысқа шашақ гүл. Олар ірі жидектер береді.
Суыққа төзімділігі қарақатқа қарағанда төмендеу. Көптеген сорттары сферотека (Америкалық ақ ұнтақ ) ауруына қарсы тұрақсыз. Негізгі көбейтілу тәсілі-көлденең сұламасабақтар арқылы жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
Бүлдірген өсімдігінің жасын қалай анықтайды?
Бүлдіргеннің өсіп-өнуі, жеміс беруі мен көбеюіндегі негізгі ерекшеліктері.