Бүгіп тігу келесі түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, жиектеп бүгіп тігу және астармен қосып тігу. Ашық қиықты бүгіп тігу сетінемейтін жүн матасынан тігілген әйел жакеті мен белдемше, кейбір балалар киімінің етегін өңдегенде және әр түрлі жүн матасынан дайындалған бешпент жағасының жиегін өңдегенде кеңінен қолданылады. Ашық қиықты бүгіп тігу ені 7-4мм, арнайы машинада бүгіп тігеді немесе жапсырып тігеді.
Жабық қиықты бүгіп тігуді сетінегіш мата бұйымдарын өңдегенде кеңінен қолданады. Жабық қиықты етек қиықтарын бүгіп тігуде сетінейтін маталардың ішкі қиығын бүгу ені 3-7мм, сыртқы бүгу ені 4-40мм дейін. Жабық қиықты бүгіп тігу әйел пальтосының астар етегінде, ерлер жейдесінің төменгі қиығында немесе ақжайма қиықтарында қолданылады. Бүгу тігісінің ені 3-5мм, ішкі бүгу тігісінің ені 3-5мм. Жібек пен жүн маталарынан өңделетін пальто, белдемше мен көйлектің етегін жабық қиықты бүгіп тігуді шынжырлы бір жіпті жасырын тігісті машинада орындайды. Қалың маталарда сетінеуден сақтау үшін жиектеп бүгіп тігеді. Жиектеп бүгіп тіккен тігіс ені 5-7мм болады. Жиектеп бүгіп тігу әйел жакетінің етегін өңдегенде қолданылып, жиектелген қиығы қайықты тігіспен бекітіледі. Астармен қосып бүгіп тігуді астарлы киімдердің жеңін және бұйымның етегін астармен өңдегенде қолданылады. Бұйымның етегін астармен өңдегенде, жеңді бүгіп тігудегі тігістің ені 7-10 мм болады.