Жөрмеп тігу екі түрге бөлінеді: енмен жөрмеп тігу, әдіппен жөрмеп тігу, (жай және күрделі әдіппен жөрмеп тігу).
Енмен жөрмеп тігуді орындау үшін бөлшектердің өң бетіне беттестіріп жиегімен тігіс жүргіземіз. Одан кейін бөлшекті өң бетіне аударады, негізгі бөлшектен 1-3 мм енде шеттік шығарып баса үтіктейді және үлгісіне қарай сәндік тігіс жүргізеді. Жөрмеп тігу ені 5-7 мм, енмен жөрмеп тігу көбінесе жаға, қақпақша жиегін өңдегенде қолданылады.
Әдіппен жөрмеп тігу жай және күрделі түрлерге бөлінеді. Ал жай әдіппен жөрмеп тігуді бір тігіспен орындайды. Ол үшін бөлшектің қиығын қайырады, одан кейін оған екінші өлшемнің қиығын өң бет жағымен қояды. Содан соң екінші бөлшек жағынан тігіс жүргізеді, арақашықтығы 3-5 мм, ішкі қайыру сызығы 4-7 мм. Мұндай тігісті әйелдер киімі мен қалта, ілмекті жөрмеп тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуді екі тігіспен орындайды. Алдымен негізгі бөлшекті екінші бөлшекпен біріктіріп тігісті айыра үтіктейді. Одан кейін екі бөлшекті өң бетіне аударады. Бұл тігісті қалың маталардан дайындалған бұйымдарда, әдіпті қақпақшалы қалталарды тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуде тігіс ені 4-5 мм, ал әдіп ені 5-15 мм-ге дейін бөлінеді.
Шеттік тігістерге жататын тігістер: - жиекті; - қайыру; - әдіпті