Жиындардың қиылысуы және бірігуі



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі18,25 Kb.
#118682
түріСабақ
1   2
Байланысты:
document name

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

 -Тренинг: «Атомдар мен молекулалар»
Мақсаты: шоғырлану, жағымды ахуал қалыптастыру. «Қос шеңбер» әдісімен үй тапсырмасын, алдыңғы тақырыпты пысықтаймын(бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді) ішкі шеңбер мүшелері сағат тілі бағытымен орын ауыстырады.
Дескриптор: -Ішкі жиынды құра біледі; -Жиындар арасындағы қатынасты сипаттай алады. Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» Оқушылар үлкен шеңберге таралады; «мозайка» әдісімен үш топқа , ,  бөлінеді.

 Қима қағаздар-пазлдар

Сабақтың ортасы
(6-35 мин)

 -Оқушыларға ой қозғауға, тапқырлығы мен жылдам ойлау дәрежесін байқау мақсатында тапсырма беріледі:

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мақсат қояды. «Түртіп алу» әдісі - Оқушылар жаңа сабақ бойынша мәліметті кітаптан оқып танысады. -Бейне көрсетілім:



-Оқушылар тыңдайды , жиындардың қиылысуы мен бірігуіндегі элементтер санын нақтылайды.
Дескриптор: -Жиындардың қиылысуын, бірігуін біледі;
-,  символдарымен белгілейді;
-Жиын элементтері санын анықтайды;
-Эйлер-Венн диаграммасында кесіндейді.
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»
Тапсырма №1«Ментальды карта»

Дескриптор: Дөңгелектің -ішкі аймағын; -бірігуін; -қиылысуын кескіндей алады.
Кері байланыс: жазбаша графикалық ( қанатша, сұрақ белгісі)
Тапсырма №2 Топтық жұмыс «Біреуі үйде,екеуі қонақта»
1-топқа тапсырма: оқулықтан №1054. 5.16-cуретте Эйлер-Венн дөңгелектерімен А және В жиындары кескінделген.a) А жиынын; ә)В жиынын; б)А В; в)А В элементтерімен жазыңдар.
Дескриптор:
-А жиыны элементтерін жаза алады;
-В жиыны элементтерін жаза алады;
-Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады;
-Жиындардың бірігуіндегі элементтерді жаза алады.
2-топқа тапсырма: оқулықтан №1057. «Марс» және «Уран» сөздеріндегі әріптерден: 1)А жиынын және В жиынын құрастырып жазыңдар; 2)А және В жиындарының қиылысуын жазыңдар; 3)А және В жиындарының бірігуін жазыңдар.
Дескриптор:
-А жиыны элементтерін жаза алады;
-В жиыны элементтерін жаза алады;
-Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады;
-Жиындардың бірігуіндегі элементтерді жаза алады.
3-топқа тапсырма: оқулықтан №1063. 1) Жай сандар жиынының, құрама сандар жиынының және 1 саны жиынының бірігуінен тұратын жиын қалай аталады? Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер. 2) К-жай сандар жиыны, L-құрама сандар жиыны. К және L жиындарының қиылысуы қандай жиын?
Дескриптор:
-К жиыны элементтерін тауып жаза алады;
- L жиыны элементтерін тауып жаза алады;
-Жиындардың бірігуін таба алады, кескіндей алады
. -Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады,кескіндей алады.
Кері байланыс: Бағдаршам
Тапсырма №3 жұптық жұмыс: « Cен-маған,мен-саған»

Дескриптор:
-екі жиынның қиылысуын таба алады;
-екі жиынның бірігуін таба алады;
-үш жиынның қиылысуын таба алады;
-үш жиынның бірігуін таба алады.
Кері байланыс ауызша жүргізіледі.
Тапсырма №4 Жеке жұмыс «Кім тапқыр»

Дескриптор
Білім алушы: - А В жиын элементтерін атайды;
-анықтамаға сәйкес сипаттайды.
Кері байланыс: ауызша , сипаттау
Тапсырма№5 : «Қатесін тап!» Жиындардың бірігуі мен қиылысуын қолдануға ауызша тапсырмалар беремін
Дескриптор:
Жиындардың бірігуін қолдана алады;
Жиындардың қиылысуын қолдана алады.
Кері байланыс: «Басбармақ»



 А4 форматты қағаздар, интерактивті тақта

https://bilimland.kz/


kk/subject/matematika/5-synyp/zhiyndardyng-birigui-men-qiylysuy?mid=f6058605-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Оқулық, Флипчарт,маркерлер

Түрлі түсті қағаздар Кеспе қағаздар, сигнал
картасы

https://bilimland.kz/


kk/subject/matematika/5-synyp/zhiyndardyng-birigui-men-qiylysuy?mid=f6058602-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
интерактивті тақтa

Сабақтың соңы
(36-40 мин)

 Оқушыларға үйден орындауға №1053,1064 есептерді орындау ұсынылады.
Дескриптор:
Жиындарды элементтерімен жаза алады; олардың қиылысуын және бірігуін таба алады.
Рефлексия:«Білім бәйтерегі»
-Оқушылар өздері тақырыпты нені жетік меңгергенін жапырақ, гүл, жеміске жазып «Білім бәйтерегіне» жапсырады: 




 гүл,алма, жапырақ пішінді стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет