1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп тұрайық.
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері арқылы топқа бірігеді.
Жаңа сабақ
Бейнероликті көру
Бейнеролик бойынша түрткі сұрақтар қойып, тақырыпты ашу.
Ой қозғау: “Кілем”. Әр ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтарға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беремін. Оюлардың екінші жағында тапсырмалар жазылады. Бұл тапсырмалар санды өрнектердің мәнін табуғаарналған.Тапсырманың астында кілем тоқығанда сүйенетін жауап нұсқалары жазылады.
Жауабы:
а) 9 -оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар
ә) 6 -оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар
б) 7-оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар
в) 8-оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар
г) 12-оюды ортаға жапсырыңдар
Дескриптор:
-өрнектің мәнін табады
-өрнектін мәніне сәйкес жауапты оқиды
-кеңістікті бағдарлайды
-тиісті орынға жапсырады
Тапсырманы ерте орындаған оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады. Жеңісі үшін әр топқа “бауырсақ” түріндегі смайликтермен ұпайлар беріледі.
1-тапсырма «Бәйге» Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топтан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа қосымша ұпай әкеледі.
Жауабы:
а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19;
ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13;
б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10.
Дескриптор:
- екі амалды жақшасыз өрнектердің мәнін табады
2-тапсырма: «Арқан тарту» Екі “ауыл” арасында жарыс өткіземін. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады.Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі.
Жауабы:
а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;
б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;
г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.
Дескриптор:
-өрнектің мәнін табады
-өрнектерді салыстырады
-салыстыру таңбасын дұрыс қояды
Сергіту сәті. «Қаражорға»
3-тапсырма «Алтыбақан» Бұл тапсырманы оқушыларға жеке орындатамын. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.
Жауабы:
а) х + 7 = 19; ә) у – 16 = 4;
х = 19 – 7; у = 16 + 4;
х = 12. у = 20.
Дескриптор:
-сәйкес амалды орындай отырып, белгісіз қосылғышты, азайғышты табады;
- теңдеудің түбірін дұрыс табады;
- теңдеуді тексереді;
- теңдеу шешудің алгоритмін сақтап жазады.
4-тапсырма «Шығарып көр» тапсырманы тәжірибе түрінде орындайды.Осы мақсатта оқушылар топтарының әрқайсысына қағаздан жасалған он сары және он қызыл гүлден таратып беремін. Осы гүлдерден тапсырманың шарты бойынша түрлі әдіспен гүлшоқ жинау керек.
Жауабы:
сарғалдақтың саны 2-ге артық.
Дескриптор:
- 5 қызғалдақ және 7 сарғалдақ жинайды
-Қай гүлшоқта гүлдің саны артық екенін анықтайды
-Қаншаға артық екенін есептеп табады
5-тапсырма «Орындап көр» Әр топтағы оқушыларға үстелдің макеті мен төрт батырдың үлгісін таратып беремін. Оқушылар батырларды тапсырмада берілгендей отырғызу керек. Бұл тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсынамын.
Жауабы:
батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызу керек.
Дескриптор:
-4 батырды үстелдің әр жағында екі-екіден отыратындай етіп жайғастырады.
- батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызады.
Бекіту:Дәптермен жұмыс.
«Мерекелік кілем» Тапсырманы орындау барысында оқушылар бірнеше амалмен берілген өрнектердің мәнін табады. Егер олар берілген тапсырманы дұрыс орындаса, кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді.
Дескриптор:
-бірнеше амалмен берілген өрнектердің мәнін табады.
- кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді
Теңдеуді шеш. Оқушылар ұсынылған теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді. Осыдан кейін олар киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйтын болады.
Жауабы:
а) 4 сары; ә) 4 жасыл; б) 5 қызыл; в) 6 көк
Дескриптор:
- теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді.
- киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйды.
Қорытынды: Не білдік?нені үйрендік?
Ойын нәтижесін шығару. Оқушыларға “бауырсақ” түрінде жинаған ұпайларын санауды ұсынамын. Оларға жасаған жұмысы үшін алғыс айтамын. Сабаққа белсене қатысып, тобына ұпай жинауға атсалысқан оқушыларды марапаттаймын.
|
сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері;
4 парақ;
кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері;
әр топқа арналған желім;
бауырсақ түріндегі
cмайлик;
бейнеролик;
Акт
әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана;
дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті;
https://youtu.be/rvJC8_i1f6w
оқушылардың дұрыс жауабына берілетін бауырсақ түріндегі фишкалар;
|