7.3.4.1 «Қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу;
7.2.2.2 Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;
7.2.2.4 Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру.
Білім алушы ● Табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері бойынша «қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттерін ажыратады;
● Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін анықтайды;
● Сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі металдармен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды;
● Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесу мүмкіндігін зерттейді;
Тапсырма 1. Табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері бойынша «қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттеріне байланысты мәтіндегі бос орындарға қажетті сөздерді жазыңыз.
Қышқылдардың құрамына____________________атомдары кіреді. Қышқылдардың ____________________және____________________қасиеті бар.
Сілтілер көптеген органикалық заттарды ____________________ заттар. Сілті ерітіндісі қолға ____________________ сияқты білінеді.