Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу және түсіну, қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
1. a) Бөлме температурасында азот тек бір металмен әрекеттеседі. Сол металмен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
b) Азоттың химиялық белсенділігі неліктен төмен екенін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
2. Реакция теңдеулерін аяқтаңыз.
NH3 + CO2 = ..............................
NH3 + H2O = .............................
NH3 + HCl = .............................
[3]
3. Азотты тыңайтқыштарды қолданудың екі артықшылығы мен екі кемшілігін жазыңыз.
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
|
|
|
|
[4]
4. Массасы 340 кг аммиактан алынатын азот қышқылының 60%-дық ерітіндісінің массасын анықтаңыз.
[3]
5. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндірудің негізгі үш сатысын сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз және осы реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз:
1 саты:……………………………………………………………………………………
2 саты:……………………………………………………………………………………
3 саты:……………………………………………………………………………...........
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |