11.1A,В «Ароматты қосылыстар қатары» және «Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
11.4.2.12- бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.13- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;
11.4.2.14- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;
11.4.2.15- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.16- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;
11.4.2.1 теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды атау;
11.4.2.2 -геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастыру;
Бағалау критерийі
Білім алушы:
- бензол молекуласының құрылымын сипаттайды;
- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастырады;
- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілуін сипаттайды;
- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін жазады;
- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін жазады;
- теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды ажыратады;
- геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастырып жазады;