Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады
Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты 15-20 минут
|
Тапсырма
1. Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз ойыңызды дәлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз.
Даналардың айтары келер болды, Қияметтің қиянаты төнер болды. Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті, Бұл не деген замана болды, достар?
|
2. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Жапалақ- жапалақ қар жауса да, жазға қалмас,- деген Қорқыттың нақыл сөзінің мағынасын талдаңыз.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады
|
1
|
автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді
1-шумақ; 2-шумақ;
|
1
1
|
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолданады
1-шумақ; 2-шумақ;
|
1
1
|
Тұтастан бөлшекке,
бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
|
2
|
нақыл сөздің мағынасын ашады;
|
1
|
ойын жүйелі талдайды.
|
1
1
|
Барлығы
|
7
|
«Дананың сөзі - ақылдың көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» Қорқыттың нақыл сөздері
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады
|
Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіруде,
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолдануда (1,2- шумақ) қиналады
|
Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіруде,
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолдануда (1,2-шумақ) қателіктер жібереді
|
Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді,
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолданады
|
Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
|
Нақыл сөздің мағынасын ашуда, ойын жеткізуде қиналады
|
Нақыл сөздің мағынасын ашып талдауда, өз пікірін жеткізуде қателеседі
|
Нақыл сөздің мағынасын ашады, өз ойын жеткізеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |