Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2»


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі179 Kb.
#122090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
osh bzhb kazak-tili-men-adebiet t2 8-syn

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Білім. Ғылым. Инновация»



Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының
8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі

ойды анықтау


8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып,


ауызша мәтіндер құрау




Білім алушы

• Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде


анықтайды


• Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш


құралдарды қолданады


Қолдану




деңгейі



Орындау уақыты
15-20 минут



Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.


Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.





  1. Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.




  1. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. А) Нан өте тез көгеріп кетеді.

В) Жаңа технология бактерияларды жояды.


С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.


D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.





  1. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды білдіріңіз.

Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, қас пен көздің арасында.


4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет