Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 3-сынып



бет10/22
Дата24.10.2023
өлшемі0,78 Mb.
#187832
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы

Жалпы балл

4

16

24

  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі




«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым

  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Астанада «Думан» ойын - сауық орталығы бар. Ол 2003 жылы ашылды. Бұл - Қазақстандағы жалғыз мұхитарал. Оған жыл сайын Қызыл теңізден 120 тонна тұз әкеледі. Мұхитарал - үлкен және әдемі кешен. «Думанда» 3 үлкен көрме және
31 аквариум бар.
Бүгін жексенбі. Біз отбасымызбен «Думанға» бардық. Кассадан билет алып, ішіне кірдік. Онда акулалар, неше түрлі балықтар, тасбақалар мен сегізаяқтар бар екен. Біз оларды көріп, тамашаладық.



  • Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.



үш үлкен

«Думанда»
отыз бір
бар.

неше түрлі


Керекті сөздер: аквариум, көрме, жануарлар

  • «Думанға» жыл сайын қанша тонна тұз әкелінеді? Белгіле ().



31 120 3


Балл қою кестесі





Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

көрме

1




аквариум

1




жануарлар/...

1

Балықтар/тасбақалар/сегізаяқтар жауаптары да қабылданады.

120

1




Жалпы балл

4




Айтылым Жұптық жұмыс

  1. «Еліміздің ғимараттары» тақырыбында диалог құрастыр. Сипаттау сөздерін қолдан.

[4]


Балл қою кестесі





Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:
-Қанат, сен еліміздегі қандай ғимараттарды білесің?
-Мен Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін көрдім.
-Ол қайда орналасқан?
-Түркістан қаласында

  • Кесене қандай?

  • Биік күмбезді, үлкен, әдемі. Бірнеше бөлмеден тұрады.

1

Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген диалог қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды.

1

Сұрақтарға лайықты жауап береді.

1

Сипаттау сөздерін қолданады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

Жалпы балл

4






Оқылым

  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Құмырсқа мен қоңыз бір сыныпта оқып жүрді. Құмырсқа жақсы оқиды. Ал қоңыздың күнделігі нашар бағаға тола берді. Бір күні ол құмырсқадан:

    • Сенің жақсы оқуыңның сыры неде? – деп сұрады.

    • Оның сыры уақыт кестесінде, - деді құмырсқа.

    • Уақыт кестесі деген не? – деп таң қалды қоңыз.

    • Ол уақытты дұрыс бөлу, тиімді пайдалану, - деді құмырсқа.

Қоңыз өзінің уақыт кестесін жасады. Бірақ оның көп бөлігін ойынға арнады.

  • Құмырсқа неліктен жақсы оқыды?




  • Әр кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бір сұрақ құрастырып жаз.
















1) Өзің құрастырған сұрақтың біреуіне жауап жаз.


[4]

Балл қою кестесі


Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3


Білім алушының ықтимал жауаптары: Себебі, ол уақытын дұрыс пайдаланады/ Ол уақыт кестесін дұрыс жасаған/Ол әр іске уақытын дұрыс бөледі/

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Құмырсқа қалай оқиды?/Ол уақытын қалай пайдаланады?/...

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

Қоңыздың күнделігі қандай бағаға толды?/Ол құмырсқадан не туралы сұрады?/Қоңыз уақытын қалай бөлді?/...

1


Құмырсқа жақсы оқиды/Ол уақытын дұрыс бөледі/Қоңыздың күнделігі нашар бағаға толды/Ол құмырсқадан жақсы оқуының сырын сұрады/Қоңыз уақытының көбін ойынға арнады/...

1

Жалпы балл

4




Жазылым



  1. Құмырсқа мен қоңыз туралы мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.



Тірек сөздер: құмырсқа мен қоңыз, бір сыныпта оқыды, жақсы, нашар, сырын сұрады, уақыт кестесін жасады, уақытты дұрыс бөлді, таңғалды, ойынға бөлді.
[4]


Балл қою кестесі


Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



4

Білім алушының ықтимал жауабы: Қоңыз бен құмырсқа бір сыныпта оқиды. Құмырсқа жақсы, ал қоңыз жаман оқиды. Оның күнделігі нашар бағаға толады. Қоңыз құмырсқадан жақсы оқуының сырын сұрайды. Құмырсқа уақытты дұрыс бөлу керек дейді.
Қоңыз өзіне уақыт кестесін жасайды. Бірақ көп уақытты ойынға бөледі.

1


Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі жазады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1


Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес).

Жалпы балл

4







  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет