Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 3-сынып



бет23/25
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#91476
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
3-СОР аза т¦л¦ (Т2) 3-сынып

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады

  • Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

  • Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

  1. тапсырма

Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.

Аулада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Аулаға қара қарға келіп қонды.


Қарғаның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраның ішіне салды. Құмырадағы су көтерілді. Қарға су ішті.



    • Берілген сөйлемдерге сәйкес суретті тауып, ретін көрсет (1,2, 3).




      1. Аулада суы бар құмыра тұр. 2) Қарға құмыраға тас салды.

3) Құмырадағы су көтерілді.





  1. тапсырма

Суреттерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт. Мәтін саған ұнады ма? Неліктен?

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шағын мәтіндегі
сөйлемдердің мағынасын ажыратады

1

бірінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды;

1

екінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды;

1

үшінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды;

1

Мәтіннің
мазмұнын жүйелі баяндайды Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді

2

суретті жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды;

1

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

1

тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

1

сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.

1

Барлығы

7

«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады

1


Мәтін бойынша берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтауда қиналады.

Мәтін бойынша берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтауда қателеседі.

Мәтін бойынша берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді

2

Мәтінді мазмұндауда және мәтінге қатысты көзқарасын айтуда қиналады.

Мәтіндегі оқиғаның жүйесін сақтауда/тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді.

Тілдік нормаларды сақтай отырып, мәтінді жүйелі мазмұндайды және мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет