Мәтіннің тақырыбын және оқиғаның ретін дұрыс анықтайды.
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
Мәтін мазмұнын тірек сөздердің көмегімен баяндайды
2
Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтауда және мәтіннің мазмұнын айтуда қиналады.
Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтауда/ мәтін мазмұнының жүйесін сақтауда / тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді.
Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты
3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату,
әңгімелеу/ сипаттау мәтіндерін анықтау
3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
Динаның әкесі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыра тарта бастайды. Бір күні осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартқанын көріп, риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы Динаға өзінің домбырасын сыйлайды.
Мәтіннің жанрын анықтап, белгіле ().
мақал - мәтел бата әңгіме
Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
сипаттау әңгімелеу пайымдау
Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
2-тапсырма
Қарамен жазылған сөздерге қосымшалардың дұрысын жалғапжаз.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіннің түрін және жанрын анықтайды Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
Тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын орынды қолданады.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес сыныптары үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар