-
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Мәтін Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін сипаттау туралы болуы мүмкін, себебі суретте кесененің ішқі көрінісі де бейнеленген.
|
1
|
Білім алушының суреттің мазмұнына қатысты айтылған болжамы қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес болжам жасайды;
|
1
|
Өз болжамына дәлелді пікір айтып, негіздейді.
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Мен Астана қаласында тұрамын. Астана - әсем қала. Қаладағы зәулім үйлер, ғимараттар, театрлар мен
|
1
|
Тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады.
|
1
|
Сөйлемнің құрылымын сақтайды.
|
|
мұражайлар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» монументін Астананың символы деп білеміз. Бәйтерек «зәулім ағаш», «өмір ағашы» деген мағыналарды береді. Оның биіктігі 97 метр. Ол елорданың Алматыдан Астанаға ауысқан уақытын бейнелейді.
Астанада көрікті ғимараттар өте көп.
|
1
|
Өз ойын жүйелі жеткізеді.
|
1
|
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
|
Барлығы
|
6
|
|
Оқылым
2. А. Темірбайдың уақыт туралы өлеңінен алынған үзіндіні түсініп оқы.
Қайтарылмайды бұл уақыт, Бұл өмір деген – қас қағым
Қайталанбайды бұл уақыт, Өтер де кетер жас шағың! Таппайсың, ертең іздесең, Сыйлатқың келсе өзіңді,
Қайта оралмайды бұл уақыт. Уақытын сыйла басқаның.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды, Ойлама бәрін білем деп,
Артына мойнын бұрмайды. Шалқып та тасып жүрем деп. Кешіксең, бітті, ол сені, Уақытың –алтын қазынаң,
Бір секунд күтіп тұрмайды. Жұмсауың керек үнемдеп.
Біреудің күні өтпейді, Өзіңді - өзің алдама,
Біреуге уақыт жетпейді. Уақытты салма саудаға.
Есептеп үйрен уақытты, Өткізе бермей жай ғана,
Еңбегің зая кетпейді. Уақытты жарат пайдаңа.
Өлеңге қандай тақырып қояр едің? Жаз. ________________________________
Өлеңнің негізгі ойына сәйкес келетін тұжырымды анықта.
Әр нәрсенің өз уақыты бар
Уақыт – жан-жақты дамудың кілті
Уақыттың бос өткені –өмірдің бос кеткені
Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ
Өлеңнен уақыттың қадірін сипаттайтын 2 сөйлемді тауып, көшіріп жаз.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
«Уақытың –алтын қазынаң» дегенді қалай түсінесің?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
-
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Уақыттың қадірі/ Уақытты бағала/Алтын уақыт/
|
1
|
Өлеңнің мазмұнына сәйкес болатын баламалы тақырыптар қабылданады.
|
С)
|
1
|
|
Қайта оралмайды бұл уақыт/ Кешіксең, бітті, ол сені, бір секунд күтіп тұрмайды/ Есептеп үйрен уақытты/ Уақытын сыйла басқаның/ Уақытың –алтын қазынаң, жұмсауың керек үнемдеп/ Уақытты салма саудаға/ Уақытты жарат пайдаңа.
|
2
|
Әр сөйлемге 1 балл қойылады. Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлем қабылданады.
|
Адам баласы үшін уақыттан асқан қымбат қазына жоқ, себебі уақыт қайта айналып келмейді. Уақыт дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан, оны алтынға балайды. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Сондықтан, уақыттың қадірін білу керек.
|
1
|
Білім алушының тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы, қысқа және толық жауабы қабылданады.
|
Барлығы
|
|
5
|
|
Жазылым
1. Өмірбаянның құрылымын сақтай отырып, өз өмірбаяныңды жаз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
-
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Мен, Жамхан Балым Ғабитқызы, 2003 жылдың 16 шілдесінде Жамбыл облысы Шу ауданының Төлеби ауылында дүниеге келдім. Әкем, Ғабит Жамханұлы
– жеке кәсіпкер, анам, Мейрамгүл
Жұмаханқызы - мұғалім. 2010 жылы Астана қаласындағы №64 орта мектептің бірінші сыныбына оқуға бардым. 2016 жылы 6-сыныпты бітіріп, Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түстім. Қазір осы мектептің 8-сыныбында оқимын.
Мекенжайым: Астана қаласы, Ш.
Құдайбердіұлы көшесі, 40-үй, 34-пәтер.
|
1
|
Білім алушының тапсырмаға сәйкес жазған өз өмірбаяны қабылданады.
|
1
|
Өмірбаянның құрылымын сақтайды;
|
1
|
Өмірбаян жазу стилін сақтайды (І жақта);
|
1
|
Хронологиялық жүйені сақтап жазады;
|
1
|
Грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды.
|
Барлығы
|
|
5
|
|
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
-
|
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Тыңдалым және айтылым
|
Оқу мақсаты
|
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрайды
|
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5 тірек сөзді түртіп ал.
Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Олар хаттарды мәтіні ішкі жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын. Хатты қайда және кімге апаратынын жазатын орын болмағандықтан, оны басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен бірге жіппен байлап қоятын.
Мұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы саудагері Бревер хат салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды. «Конверт» сөзі «орап қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп кешікпей конверт хаттан бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |