Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет1/10
Дата18.11.2019
өлшемі0,92 Mb.
#51963
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-ЖБ Қазақ тілі (Т1) 3-сынып



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)



3-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны


Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................... 4

« Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық ......................... 7

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 16

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 16

«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................................................. 19

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 22

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 28

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 28 «Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................... 31

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 34

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 40

«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................... 40

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................. 43

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 46



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау




Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау





Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Орындау уақыты 20 минут

1-тапсырма

Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осыдан кейін не болуы мүмкін?


Араша






2-тапсырма

Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, жоспар бойынша «Араша» тақырыбына әңгіме құрап айт.



Тірек сөздер: балапанның даусы, балапанды аяу, ұяға салу, құстардың ризашылығы, өз ісіне

риза болу.



Жоспар:

  1. Балапан мен тарғыл мысық

  2. Баланың көмегі

  3. Құстардың ризашылығы



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор Білім алушы

Балл

Суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

1



суреттің мазмұнына сәйкес болжам жасайды;

1

болжамды негіздейді;

1

Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа

әңгіме құрайды





2


тақырып пен жоспарға сәйкес әңгіме

құрайды;



1

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

1



ойын жүйелі, еркін жеткізеді;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;



сөйлемнің құрылымын сақтайды;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1



Барлығы







8

ЖОБА

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма №



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен




Орта

Жоғары

Суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды



1

Сурет бойынша мәтінн мазмұнын болжауда жә оны негіздеуде қиналады.

ің не

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз болжамын негіздеуде қателеседі.



Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және негіздейді.









Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрайды

2

Берілген тақырып бойынша әңгіме құрауда қиналады.



Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін / сөйлемнің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.

Берілген тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрайды.
























«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым

Жазылым




Оқу мақсаты

3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін

түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.1.1* Жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер

арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің түрлерін ажыратады

  • Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді

  • Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану




Орындау уақыты

1-тапсырма

20 минут

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Назым секіргіш жібін алып, аулаға шықты. Секіріп ойнай бастады. Жанына досы Шынар келіп, біраз қызықтап тұрды да:



    • Назым, екеуіміз кезек секіріп ойнайық, - деді.

    • Бұл менікі, керек болса өзіңдікін әкел де, секіре бер,- деді Назым.

Шынар ренжіп, кетіп қалды. Назым жалғыз өзі ойнап, жалықты. Ол қабағын түйіп, үйіне кірді.

    • Қызым, саған не болды? - деді анасы.

    • Ойын қызық емес, - деді Назым.

    • Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді,- деді, манадан бері қызын терезеден бақылап тұрған анасы.



  • Назымға ойын неліктен қызықсыз болды? Белгіле ()

Ол қатты шаршады. Ол жалғыз өзі ойнады. Оған секіргіш жіп ұнамады.





  • Назымның анасының айтқанымен келісесің бе? Неліктен?



  • Мәтіннің түрін анықта__________________________________



2-тапсырма

7

Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, ойыңды жаз.



Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің түрлерін ажыратады

Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді



1


мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа

жауап береді;



1

мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін

білдіреді және негіздейді;



1

мәтіннің түрін анықтайды;

1

Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады

2


мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасай отырып, пайымдау мәтінін жазады;

1

көмекші сөздерді орынды қолданады;



сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;

1

сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;

1

сөйлем құрылымын сақтап жазады.

1

Барлығы



8

8




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет