Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып


«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



бет2/10
Дата18.11.2019
өлшемі0,92 Mb.
#51963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-ЖБ Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні______________________________________



Бағалау критерийі

Тапсыр ма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің түрлерін ажыратады

Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған

сұрақтарға жауап береді



1

Мәтіннің түрін анықтауда, мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін айтуда қиналады.



Мәтіннің түрін анықтауда/ мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қателеседі.



Мәтіннің түрін дұрыс анықтайды және мәтіннің мазмұнына қатысты дәлелді пікір айтады.



Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады

2

Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, пайымдау мәтінін жазуда қиналады.



Мәтіннің негізгі ойына сәйкес

қорытынды жасауда/ сөйлемдердің мағыналық байланысын/ сөйлемнің құрылымын сақтауда



Көмекші сөздерге сүйеніп, оқыған мәтін бойынша пайымдау мәтінін жазады.



қателіктер жібереді.









9


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).





  1. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу



    1. Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 16

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.



    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Жанды табиғат Жақсыдан үйрен, жаманнан

жирен




Тыңдалым және айтылым

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу



Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

6

2

Оқылым

3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін

(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау


Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1


5


3

Жазылым

3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою



Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5



Барлығы




3

16

11

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым


1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.



Ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап алып, Ақтөс деп ат қойды. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы. Бауырын жаңа көтерген күшік құлдыраңдап жүгіреді. Шәуілдеп үретінді шығарды. Есік алдындағы тауықтарды қуып, маза бермейді. Нұрлыбек оған ішек-сілесі қатып күледі.

–Жануарлардың суретін салыңдар, – деген апайының тапсырмасы Нұрлыбектің есіне Ақтөсті түсірді. Ол қолына қарындаш алды. Сәлден соң қағазын алып, төргі бөлмеге кірді.



  • Әже, Ақтөстің суретін салдым!

Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да:

  • Шынында да, аумайды екен, – деді суретке қызыға қарап.



  • Нұрлыбек күшігін неліктен Ақтөс деп атады?



осы атау өзіне ұнағандықтан

  • Ол күшігінің қандай іс-әрекетіне мәз болады?

_______________________________________________________________________



  • Нұрлыбек неге бірден өз күшігінің суретін салды деп ойлайсың?

_____________________________________________________________________



  • Жұпта «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына диалог құрастыр.

[6]



Балл қою кестесі




Тапсырма №

Жауап

Балл

ақпарат

Қосымша

1



Күшіктің төсі ақ болғандықтан

1



Тауықтарды қуалағанына/ Есік алдындағы тауықтарды қуып, маза бермегені үшін күледі/

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа немесе толық жауаптар қабылданады.

Cебебі, ол күшігін өте жақсы көреді/Ол күшігін басқа балаларға таныстырғысы келген болар/...

1

Білім алушының ықтимал жауабы: - Сенің сүйікті жануарың бар ма?/

1

Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.




Сенің сүйікті жануарың қандай?

  • Менің сүйікті жануарым...

  • Сен оған қандай ат қойдың?/Оны қалай атағың келеді? - Оның аты- ...

  • Оның сыртқы сипаты қандай?

  • Оның түсі ...

  • Оның қандай әдеттері бар? - Ол ...

  • Сен онымен бірге уақытыңды қалай өткізесің?

Біз ...



1

Сұхбаттасына сұрақ қояды және сұраққа сәйкес жауап береді.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы




6




Оқылым


2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Бір күні Сәлім аулада Әлім деген досымен ойнап жүрген. Үйге қарай қолында таяғы бар ақ сақалды, қарт кісі келе жатты. Сәлім жүгіріп барып сәлем берді.

Қарт :


  • Көп жаса, балам! Атаң сені өнегелі іске үйреткен екен,- деп риза болып қалды.

Содан соң Әлімге қарап:

  • Балам, сен неге қарт адамға сәлем бермейсің? – деп сұрады.

  • Ата, мен сізді танымаймын ғой , – деп жауап берді Әлім.

  • Үлкендерге танымасаң да Сәлім сияқты сәлем беріп, ілтипат көрсетуің керек, – деді қарт.

Әлім үндеместен төмен қарай берді.

  • Мәтіннің түрін анықта. __________________________________________________



  • Мәтінге ат қой. ________________________________________________________



  • Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().







  • Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет