-
Тапсыр ма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Ормандағы жануарлардың концерті туралы болуы мүмкін, себебі олар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап тұр/ Бір жануардың туған күні туралы болуы мүмкін, себебі бәрі көңілді, ән шырқап, билеп жүр/ ...
|
1
|
Білім алушының суреттің мазмұнына қатысты айтылған болжамы қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес болжам
жасайды;
|
1
|
Өз болжамына дәлелді пікір айтып, негіздейді.
|
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Жануарлар ормандағы ашық алаңқайға жиналды. Әрқайсысы өз өнерін көрсетпек болды. Ортаға гитарасын асынып аю шықты. Оған қасқыр мен қоян, жолбарыс қосылып, бәрі бірдей әуен ойнай бастады. Тиіндер мен тышқандар билей жөнелді. Олардың өнерін тамашалаған басқа жануарлар риза болды. Концерт көңілді өтті.
|
1
|
Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрайды.
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
|
1
|
Тірек сөздерді орынды қолданады.
|
1
|
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
|
Барлығы
|
6
|
|
Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Әбу Насыр әл-Фарабидің жастау кезінде жолдасы сақтап қою үшін оған аманат етіп бір бума кітап беріп кетеді. Әбу Насыр кітаптарды үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте әлгі кітаптардың біреуін алып, оқи бастайды. Кітап сөздері ұнап, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да түсіне қоймайды. Ақыры кітапты қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана мағынасын айқын ұғып, анық түсініпті.
Осындай табандылығының арқасында Әбу Насыр асқан білікті ойшыл, ғалым болған екен.
Мәтіннен Әбу Насыр әл-Фарабидің табандылығын көрсететін сөйлемді тауып, көшіріп жаз.
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Неге? неліктен? не себепті? деген сұрақтардың біреуін қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мәтінге ат қой. ________________________________________________________
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мақал -мәтелді анықта.
[5]
-
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
|
Ақыры кітапты қайта-қайта оқи береді.
|
1
|
|
Әл-Фараби кітапты неліктен бірнеше рет оқыды?/ Кітапты қайталап оқуына не себеп болды?/...
|
1
|
Пікір білдіруге бағытталған баламалы сұрақтар мен сәйкес жауаптар қабылданады.
|
Кітаптың мазмұнын, сөздердің мағынасын түсіну үшін/Кітаптың сөздері ұнағаны үшін, сөздердің мағынасын түсінбегендіктен/...
|
1
|
Қайта-қайта оқу/Қызық кітап/Оқудың пайдасы/..
|
1
|
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы тақырыптар қабылданады.
|
Талап қылмай мұратқа жетпес
|
1
|
|
Барлығы
|
|
5
|
|
Жазылым
1. Жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
Жолаушының аманаты
Кітапқа құмарлық
Әбу Насыр – ұлы ойшыл
[5]
-
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Әбу Насыр әл-Фарабиге бір адам өзінің кітаптарын беріп, сақтап қоюды өтініпті. Әл-Фараби қолы бос кезде әлгі кітаптарды алып оқиды. Бірақ онша түсіне қоймайды. Ол кітапты бірнеше рет қайталап оқығанда ғана түсіне бастайды. Осындай табандылығының арқасында Әбу Насыр ұлы ойшыл болған екен.
|
1
|
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі жазады.
|
1
|
Мәтіндегі мәліметтерді, негізгі ойды сақтап жазады.
|
1
|
Сөйлемнің құрылымын сақтайды.
|
1
|
Орфографиялық нормаларды сақтайды (2 қатеден артық емес).
|
1
|
Пунктуациялық нормаларды сақтайды (1қатеден артық емес немесе 1-2 түзетуі бар).
|
Барлығы
|
|
5
|
|
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
-
|
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Тыңдалым және айтылым
|
Оқу мақсаты
|
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
1-тапсырма
|
20 минут
|
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу,
жаңбыр түрінде атмосферада да болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі.
Су барлық тірі ағзаның құрамында бар. Адамның, өсімдіктер мен жануарлар денесінің белгілі бір бөлігі судан тұрады.
Су – негізгі тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ . «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Тірек сөздер: ________________________________________________________
Cұрақтарға жауап бер.
Су атмосферада не түрінде кездеседі?
«Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырма
Суды неліктен «тіршілік көзі» деп санайды? Судың тіршілік үшін маңызы туралы әңгімеле.
-
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
|
1
|
мәтіннен тірек сөздерді
анықтайды;
|
1
|
мәтін бойынша жабық сұраққа жауап
береді;
|
1
|
мәтін бойынша ашық сұраққа жауап
береді;
|
1
|
Тілдік нормаларды сақтай отырып, ойын
жүйелі жеткізеді
|
2
|
тақырыпқа қатысты ойын жүйелі жеткізеді;
|
1
|
өз көзқарасына дәлелді пікір айтады;
|
1
|
сөйлем құрылымын сақтайды;
|
1
|
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
|
1
|
Барлығы
|
7
|
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
Достарыңызбен бөлісу: |