Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып


-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет4/6
Дата13.11.2019
өлшемі459,44 Kb.
#51697
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
!22-ОШ БЖБ Физика 8-сын қаз

3-ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр

тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану

8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

8.4.2.13 - Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану





Бағалау критерийлері



Білім алушы

  • Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр

тізбектеріне есептеулер жүргізеді



Ойлау дағдыларының

деңгейлері



Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. Суретте оқушы екі шамды да ток көзіне қосу үшін қандай кілттерді пайдаланады? A) 1 және 2

    1. 1, 2 және 3

    2. 1 және 3

    3. 2 және 3

[1]


  1. 60 Вт, 240 В белгісі бар төрт шам номинал режимде жұмыс жасау үшін қай сұлба бойынша жалғау тиімдірек?

[2]


  1. 1 суретте электр тізбегі көрсетілген.

1 сурет


а) Электр тізбегі ток көзіне қосылғанда шам жанады, бірақ амперметр бағдаршасы кейін қарай ауытқиды. Амперметр дұрыс жұмыс жасау үшін тізбекке қандай өзгеріс жасау қажет?

[1]


b) Амперметр қандай шаманы өлшейді?

[1]


с) Шамдағы потенциалдар айырымы 6 В болса, шамнан өтетін ток күшін есептеңіз.

[2]


d) Шам тізбекте 30 мин қосылып тұрса қанша энергия бөлінеді?

[2]


Жалпы балл: 9

20




Бағалау критерийлері

Тапсыр ма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

1

Электр шамының жануы үшін қай кілттерді қосу керек екендігін анықтайды;

1

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

2

Паралель және тізбектей жалғауларды ажыратады;



1

Электр шамының жануы үшін тізбекті жалғану нүктесін табады;



1

Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда

қолданады



3

a) Амперметр дұрыс жұмыс жасау үшін тізбекке қандай өзгеріс жасау қажеттігін анықтайды;

1

b) Амперметр қандай шаманы өлшейтінін анықтайды;

1

c) Шамнан өтетін ток күшін анықтайтын формуланы қолданады;

Шамнан өтетін ток күшін есептейді;



1

1


d) Джоуль-Ленц заңын қолданады;

Бөлінетін энергияны анықтайды.



1

1


Жалпы балл




9



«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

Электр схемасына талдау жасау қиындық тудырады.



Электр схемасын түсінеді, сапалы есептерге талдау жүргізгенде кішігірім қателіктерге жол береді.



Электр схемасын түсінеді, дұрыс талдайды сапалы есептер шығарғанда қолдана алады.



Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігін есептеуге арналған заңдылықтарды қолдану қиындық тудырады.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды біледі, бірақ қолданғанда қате жібереді.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды нақты сапалы есептер шығаруға қолданады.

Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолдануда қиындық тудырады.

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолдануда кезінде кішігірім қателіктерге жол береді.

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолданады.



22





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет