Мәтінмен танысып,тапсырманы орындаңыз.
Табиғат зоналарын қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Биіктік белдеуді қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз. ______________________
_____________________________________________________________________________
Табиғи зоналардың қалыптасуы
Табиғат зоналар ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады . Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мысалы: аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі
Биіктік белдеудің қалыптасуы
Таумен жоғары көтерілген сайын белгілі биіктік (вертикаль) зоналар (белдеулер) бойынша климат жағдайларының қалыптасуы. Биіктік артқан сайын температура мен қысым азая бастайды. Белгілі бір биіктікке жеткенде ылғалдылық артады да, ең көп жауын-шашынды белдеу түзіледі, ал одан кейін ылғалдылық азая береді. Биіктік климат белдеулігімен тек климат жағдайларының ғана емес, онымен бірге су ағынының, топырақ пен өсімдік типтерінің, жануарлар дүниесінің өзгеруіне де әсерін тигізеді.
23